Жасанды интеллект (ЖИ)

Мақала авторларының, рецензенттердің және редакция алқасының жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалануы

Редакция алқасы жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуын мойындайды және олардың әртүрлі салалардағы, соның ішінде ғылыми зерттеулер мен басылымдардағы әлеуетті пайдасын түсінеді. Біз ЖИ-де үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге, заңдылықтарды анықтауға және күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға мүмкіндік бар екенін түсінеміз және бұл болашақта ғылыми прогресті жеделдетуге ықпал етуі мүмкін.

ЖИ артықшылықтары туралы түсінігімізге қарамастан журналдың редакция саясаты мақаланы жариялаудың барлық кезеңдерінде ЖИ-ді қолдануға қатысты қатаң ұстанымда қала береді. Авторлар, рецензенттер және редакция алқасы мүшелері үшін жасанды интеллектті пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Шешім ғылыми жарияланымның жоғары стандарттарын сақтау үшін маңызды деп санайтын бірқатар негізгі ұстанымдарға байланысты:

  • Автор ерекшелігі мен интеллектуалды үлесін сақтау: ғылыми мақалалар зерттеушілердің өзіндік ойларын, талдаулары мен интерпретацияларын көрсетуі керек. Мақаланы жазу барысынжа ЖИ қолдану автор үлесінің азаюына және ұсынылған нәтижелер үшін жеке жауапкершілік шекараларының қойылуына алып келуі ықтимал.
  • Рецензиялауда тереңдік пен сыни ойлауды қамтамасыз ету: рецензиялау процесі пәндік саланы терең түсінуді, әдіснама мен нәтижелерді сыни бағалауды және аргументтелген диалогты қажет етеді. Рецензенттердің ЖИ-ті қолдануы зерттеудің маңызды нюанстарын жіберіп алып, ресми және үстірт бағалауға алып келуі мүмкін деп топшылаймыз.
  • Редакциялау процесінде алқалылық пен сараптамалық пайымдауды қолдау: жариялау туралы шешімдерді редакция алқасы мүшелері сараптамалық білімі мен жан-жақты талқылауы негізінде ортақ қабылдайды. Осы процеске ЖИ енгізу сараптамалық пайымдау принципіне нұқсан келтіруі және қажетті терең пайымдау мен контекстуализациядан айырып, алгоритм бағалаулары негізінде шешім қабылдауға итермелеуі мүмкін.
  • Плагиат пен арам пиғалды тәжірибенің алдын алу: мәтінді құру немесе деректерді талдау үшін ЖИ қолдану күтпеген немесе қасақана плагиат жасау қаупін және автоматтандырылған құралдармен анықтау қиын ғылыми жосықсыздықтың басқа түрлерін арттырады.
  • Ғылыми жарияланымның этикалық стандарттарын сақтау: Ғылыми жарияланым зерттеушілердің, рецензенттердің және редакторлардың интеллектуалдық еңбегі мен жеке жауапкершілігінің нәтижесі екеніне сенімдіміз. ЖИ қолдану осы негізгі этикалық қағидаларды бұзуы мүмкін.

ЖИ технологиясын дамытудың осы кезеңінде және оны ғылыми жариялау процесінде қолданумен байланысты ықтимал тәуекелдер әлеуетті пайдадан асып түседі деп есептейміз. Басты мақсатымыз – ғылыми жарияланымдардың жоғары сапа, түпнұсқалық және этикалық стандарттарын сақтау және қазіргі уақытта ЖИ-ні осы мақсатқа жету үшін қажетті шара ретінде пайдаланудың қатаң шектеулерін көріп отырмыз.

ЖИ технологияларының дамуын қадағалаймыз және жоғарыда аталған принциптерге нұқсан келтірместен ЖИ-ті жариялау процесіне біріктірілуі мүмкін екендігі туралы нақты дәлелдер болса, болашақта саясатымызды қайта қараймыз.