Авторларға арналған нұсқаулық

Ғылыми мақала – автордың бұрын жарияланбаған, жаңалығы бар ғылыми зерттеуін, эксперименттік немесе талдамалық жұмыстарының қорытындылары мен аралық немесе соңғы нәтижелерін, авторлық тұжырымдарын, қорытындыларын, ұсыныстарын қамтитын баяндама; немесе жалпы тақырыппен байланысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларды талдауға арналған жүйелі шолу болуы мүмкін.

 

Мақаланы ресімдеу параметрлері: парақ форматы - А4, кітаптық бағдар, мәтінді ені бойынша туралау, барлық жағынан шеттері - 20 мм. Қаріп: түрі - Times New Roman, өлшемі (кегль) - 14, жоларалық интервал - 1, абзац (азат жол) шегінісі - 1,0 см.

 

Мақаланың көлемі (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аңдатпаны, негізгі ұғымдарды, библиографиялық тізімді есептемегенде) 6 беттен (3 000 сөз) кем және 16 беттен (7 000 сөз) көп болмауы тиіс.

 

Ғылыми мақала құрылымы:

Ғылыми мақала құрылымы IMRAD (ИМРАД) қамтиды (мақаланың түпнұсқасы үшін), яғни атауы, аңдатпа, негізгі ұғымдар, кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелер, талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (егер бар болса), әдебиеттер тізімі.

  • ХҒТАР
  • Автор(лар) аты-жөні ( белгісін ORCID сілтемесімен гиперсілтеме арқылы байланыстыру)
  • Автор(лар) жұмыс орны, қаласы. елі, эл. пошта
  • Мақала атауы
  • Аңдатпа
  • Негізгі ұғымдар
  • Кіріспе
  • Зерттеу материалдары мен әдістері
  • Нәтижелер және оларды талқылау
  • Қорытынды
  • Авторлар үлесі
  • Қаржыландыру туралы ақпарат
  • Әдебиеттер тізімі
  • Авторлар туралы мәлімет.

 

Әр автордың ұйымымен байланысы жоғары регистр санымен көрсетіледі (үлгіге қараңыз):

С.К. Искендирова*1,С.Ж. Зейнолла2

1Казакстан Республикасы Президентініц жанындағы Мемлекеттік баскару академиясыныц Акмола облысы бойыниа фиалы, Көкшетау, Қазақстан

 2Қазақстан-Неміс университеті, Алматы, Қазақстан

(E-mail: 1s196@gmail.com, 2saule@gmail.com)

Ескерту: *хат-хабар авторы

 

Ғылыми жетекшісі докторант дайындаған мақалаға рецензия берген жағдайда ғана ол қосавторлары жоқ мақаланы жариялауға рұқсат етіледі.

Магистранттар мен докторанттардың жұмыстары ғылым докторы немесе кандидаты, сондай-ақ PhD қосавторлықта жазған жағдайда ғана жариялануы мүмкін.

 

Мақаланы рәсімдеу тәртібі

Тақырыпқа сәйкес ХҒТАР (Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат рубрикаторы) http://www.grnti.ruсайтынан анықтауға болады. Ол мақала қолжазбасының сол жақ жоғары бұрышында көрсетіледі. (Сол жақ шетке туралау, қаріп – жартылай қалың, өлшемі – 14). Стильдік файлды https://socjournal.enu.kz журнал сайтынан жүктеуге болады.

Автор(лар). ХҒТАР кейін бір жол тастап, автор(лар)дың аты-жөні курсивпен, ортаға тураланып жазылады; ұйымның толық атауы, қала, ел көрсетіледі (егер авторлар әртүрлі ұйымдарда жұмыс істейтін болса, автор тегінің жанына және тиісті ұйым атауының алдына бірдей таңба қойылады); автор(лар)дың электрондық поштасы жақша ішінде курсивпен жазылады. Мақаланың атауы – ортаға тураланып, жартылай қалың қаріппен жазылады.

Егер бірнеше автор болса, олар мақаладағы реттілігін өзара келісім бойынша анықтайды және мазмұны үшін толық жауапкершілік алады. Авторлар саны 5 адамнан аспауы тиіс (ортаға туралау, кәдімгі қаріп, өлшем – 14).

Мақала атауы бас әріптермен, ортаға тураланып, жартылай қалың қаріппен жазылады, өлшемі – 14. Мақаланың соңында екі өзге тілде – орысша және ағылшынша (егер мақала қазақ тілінде болса), қазақша және ағылшынша (егер мақала орыс тілінде болса), қазақша және орысша (егер мақала ағылшын тілінде болса) аудармалары беріледі.

Аңдатпа (Аннотация / Abstract) – зерттеу мақаласының қысқаша мазмұнын білдіреді және оқырманға мақаланың мәнін жылдам түсінуге көмектесуге арналған. Аңдатпа жеке құрылымдық бөлім ретінде өз бетінше түсінікті болуы тиіс. Ол мақаланың құрылымына сай мазмұнды және қисынды түрде баяндалып, құрылым негізін сақтауы қажет. Мақала мәтінінен көшірілген сөйлемдер, сілтемелер, суреттер, кестелер, веб-сілтемелер мен электрондық мекенжайлар болмауы тиіс. Аңдатпа оқырманды мақаланың толық нұсқасын оқуға ынталандыруы керек. Аңдатпа құрылымы зерттеу нысанын сипаттаудан басталуы тиіс және зерттеу мәселесін немесе уәждемесін, қолданылған әдістерді, ең маңызды нәтижелер мен олардың маңыздылығын баяндаумен жалғасуы керек. Қажет болған жағдайда орныққан терминологияны қолдану ұсынылады.

Мәтін көлемі – орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде кемінде 150 сөз болуы және 300 сөзден аспауы тиіс. Туралау – ені бойынша, қаріп – кәдімгі, өлшемі – 14.                                                      Аңдатпа құрылымы келесі тармақтарды қамтиды:

  • Зерттеу тақырыбына кіріспе сөз.
  • Зерттеу мақсаты, негізгі бағыттары мен ғылыми идеялары.
  • Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығын қысқа сипаттау.
  • Зерттеу әдіснамасын қысқа сипаттау.
  • Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдауы, қорытындылары.
  • Жүргізілген зерттеудің құндылығы (аталған жұмыс арқылы тиісті білім саласына қосқан үлесі).
  • Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы.

Негізгі ұғымдар (Ключевые слова/Keywords) ғылыми мақаланың мәтінін іздеу және оның пәндік саласын анықтау үшін қолданылады. Ұсынылатын көлемі — 7 сөзден немесе сөз тіркесінен аспауы тиіс. Негізгі ұғымдар аңдатпадан кейін екі өзге тілде, яғни:

мақала қазақ тілінде болса – орыс және ағылшын тілдерінде,

мақала орыс тілінде болса – қазақ және ағылшын тілдерінде,

мақала ағылшын тілінде болса – қазақ және орыс тілдерінде) беріледі.

(Туралау – ені бойынша, қаріп – кәдімгі, қаріп өлшемі – 14).

Негізгі ұғымдар мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі керек; зерттеудің пәндік саласын анықтап, мақала мәтінінде кездесуі тиіс. Негізңі ұғымдар бір-бірінен үтір арқылы бөлінеді.

 

Әр мақалаға DOI (ДОИ) беріледі

 

DOI: https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-x-x

 

Түсті: 09.04.2025. Қабылданды: 20.05.2025. Онлайн қолжетімді: 30.09.2025

 

Негізгі бөлімде IMRAD құрылымына сәйкес кіріспе (міндетті қою, мақсаттар, тарихы), зерттеу әдістері, нәтижелер/талқылаулар, қорытынды бөлімдері бар. Олар жаңа абзацтан басталып, жартылай қалың қаріппен жазылады.

- Кіріспе мына негізгі элементтерден құралады: 

  • Тақырыпты таңдаудың негіздемесі: тақырыптың немесе мәселенің өзектілігі. Тақырыпты таңдауды негіздеуде алдыңғы зерттеушілердің тәжірибесін сипаттау арқылы проблемалық жағдайдың бар екені көрсетіледі (зерттеулердің болмауы, жаңа нысанның пайда болуы және т.б.). Тақырыптың өзектілігі осы нысанды зерттеуге деген жалпы қызығушылықпен, бірақ бар сұрақтарға толық жауаптардың болмауымен анықталады. Өзектілік теориялық немесе практикалық маңыздылығымен дәлелденеді.
  • Зерттеу нысанын, пәнін, мақсаттарын, міндеттерін, әдістерін, тәсілдерін, гипотезасы мен жұмыстың маңыздылығын анықтау. Зерттеудің мақсаты – тезисті дәлелдеу, яғни зерттеу пәнін автор таңдаған қырынан көрсету.
  • Әдебиеттерге шолу (Literature review) бөлімінде зерттеу тақырыбына қатысты шетелдік авторлардың іргелі және жаңа еңбектері қамтылуы керек. Бұл еңбектер ғылыми үлес тұрғысынан, сондай-ақ зерттеудегі олқылықтар негізінде талданады.
  • Жұмысқа қатысы жоқ көптеген сілтемелердің болуы, автордың жеке жетістіктері туралы орынсыз пікірлер, автордың алдыңғы еңбектеріне сілтемелерге ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.

- Әдіснама материалдарды және жұмыстың барысын, сондай-ақ қолданылған әдістерді толық сипаттайды. Зерттеу нысаны мен зерттеу барысында қолданылған барлық әдістер, олардың мәні және таңдалу негізі түсіндіріледі. Бұл бөлім оқырманға зерттеудің әдіснамалық артықшылықтары мен кемшіліктерін өз бетімен бағалауға және қажет болған жағдайда оны қайталауға мүмкіндік беретіндей жазылуы керек. Қолданылған ғылыми зерттеу әдістері мен олардың қолданылуы сипатталады. Зерттеу материалының сипаттамасы оның сапалық және сандық көрсеткіштерін қамтиды. Материалдың сипаттамасы – зерттеу әдістері мен қорытындыларының шынайылығын анықтайтын факторлардың бірі. 

  • Бұл бөлімде мәселенің қалай зерттелгені сипатталады: бұрын жарияланған рәсімдерді қайталамай, егжей-тегжейлі ақпарат беріледі; пайдаланылған жабдық (бағдарламалық қамтамасыз ету) мен материалдар сипатталады, сондай-ақ материалдар мен әдістерді қолдану кезінде жаңашылдық енгізілуі міндетті.

Ғылыми әдіснамада мына элементтер болуы тиіс:

- зерттеу сұрағ(тар)ы; 

- гипотеза (тезис); 

- зерттеу кезеңдері; 

- зерттеу әдістері. 

- Этикалық мәселелер

Егер зерттеуге адамдар қатысса, авторлар зерттеу тиісті мекеменің этика комитеті немесе бақылау кеңесі тарапынан мақұлданғанын нақты көрсетуі керек. Авторлар комитеттің атауын, мақұлданған күнін және этикалық рұқсаттың тіркеу нөмірін көрсетуі қажет (егер бар болса). Сонымен қатар, зерттеуге қатысқан барлық қатысушылардан ақпараттандырылған келісім алынғаны көрсетілуі тиіс. Жеке немесе құпия ақпарат жиналған жағдайда, қатысушылардың құпиялылығын қорғау шаралары нақты көрсетілуі тиіс.

Үлгі:

 

«Зерттеу (мекеме атауы, рұқсат нөмірі: XXXX, күні: КК.АА.ЖЖЖЖ) Этика комитетімен мақұлданған. Барлық қатысушылар зерттеуге қатысар алдында жазбаша түрде ақпараттандырылған келісім берді. Респонденттердің құпиялылығы мен анонимдігі зерттеу барысында толық сақталды».

 

  • Нәтижелер мен Талқылау - мақаланың ең маңызды бөлімдерінің бірі. Бұл бөлімде зерттеу нәтижелері талданып, алынған нәтижелер талқыланады. Зерттеу барысында алынған нәтижелерге байланысты тұжырымдар келтіріліп, негізгі мәні ашылады. Бөлімде жұмыстың нәтижелеріне талдау жүргізіліп, олар алдыңғы зерттеулермен, талдаулармен және қорытындылармен салыстырылып талқылануы тиіс.
  • Кестелер мақала мәтінінің ішінде болады. Олар нөмірленіп, мәтінде оларға сілтемелер берілуі қажет. Суреттер мен графиктер стандартты форматтардың бірінде ұсынылуы тиіс: PS, PDF, TIFF, GIF, JPEG, BMP, PCX. Нүктелік суреттер 600 dpi ажыратымдылықпен орындалуы керек. Суреттерде барлық бөлшектер анық көрсетілуі тиіс.

 

Үлгі:

3-сурет. Жоғары оқу орындарына қабылдау, бітіру және студенттер санының динамикасы

Ескерту: деректер негізінде құрастырылған [14]

 

 

1-кесте. Келген ел бойынша халықаралық студенттер саны [14]

 

Келу елі

2017

2018

2019

2020

2021

Өзбекстан

3683

9500

25964

15642

14404

Үндістан

3500

3717

4450

4220

5987

Түркменстан

1320

2616

3176

2795

2795

Ресей Федерациясы

1075

1273

1247

1298

1263

Моңғолия

439

565

888

1128

1010

Қытай

1290

1240

807

871

811

Қырғызстан

1026

1026

1026

1067

659

Иордания

60

62

228

515

546

Басқа елдер

1505

1671

1683

1533

1462

Ескерту: деректер негізінде құрастырылған [14]

 

- Қорытынды – осы кезеңдегі жұмыстың жиынтығы мен қорытындылары; автор ұсынған тұжырымның шынайылығын дәлелдеу және алынған нәтижелерді ескере отырып, ғылыми білімнің өзгеруіне қатысты автордың қорытындысы. Қорытындылар абстрактілі болмауы керек, олар зерттеудің белгілі бір ғылыми саласында алынған нәтижелерді жинақтау үшін қолданылуы тиіс және одан әрі жұмысты жалғастыру бойынша ұсыныстар мен мүмкіндіктер сипатталуы қажет.

- Алғыс айту, мүдделер қақтығысы

Қаржыландыру көздерін және басқа да үлестерді, алғыс айтылатын тұлғаларды, мүдделер қақтығысын көрсетіңіз.

- Авторлар үлесі. Бөлімде мақалаға авторлардың әрқайсысының қосқан үлесі көрсетілуі тиіс. Жұмысқа қосқан үлес – жұмыстың бір бөлігі немесе тұтас мақала осы интеллектуалдық үлессіз орындалмас еді деген мағынада түсіндіріледі. Мақала авторлары мына критерийлер бойынша үлес қосқан тұлғалар бола алады:

  • жұмыстың тұжырымдамасы немесе дизайнына елеулі үлес қосу;
  • деректерді жинау, нәтижелерді талдау немесе оларды интерпретациялау;
  • мәтінді жазу және/немесе оның мазмұнын сыни тұрғысынан қайта қарау;
  • мақаланың соңғы нұсқасын жариялауға ұсыну;
  • жұмыстың барлық аспектілері үшін жауапкершілікті мойнына алу, деректердің шынайылығы мен мақала бөліктерінің тұтастығына қатысты мәселелерді тиісті түрде зерделеп, шешу.

Мақаланы дайындауда өзге рөл атқарған тұлғалар «Алғыс айту / Благодарность / Acknowledgements» бөлімінде көрсетіле алады.

Үлгі ретінде келтірілген тұжырымдар толық емес, әрбір автордың ерекше үлесін көрсету, оның мақала жазуға қатысуын нақтылау ұсынылады. Егер авторлардың үлесі тәжірибелерді жүзеге асыруға қатысты болса, мақала түпнұсқасында тәжірибелік жұмыс әр кезеңінің атауы көрсетілуі тиіс,

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу

Барлық мақалалар, жарияланымдар мен материалдар, басылымға жіберілген жағдайда, Сілтеменің Гарвард стилінің (Harvard style referencing) талаптарына сәйкес рәсімделген пайдаланылған әдебиеттер тізімімен бірге ұсынылуы тиіс.

 

 

 

Әдебиеттер тізімін рәсімдеудің негізгі талаптары:

 

Сілтеме құрылымы:

* Автор(лар), жарияланған жылы, жұмыстың атауы, басылым атауы (қолданылған жағдайда), баспа атауы, жарияланған қала.

* Егер бұл онлайн-ресурс болса, толық сілтемені (URL) және қол жеткізген күнді көрсету қажет.

 

Сілтеменің Гарвард стилі (Harvard style referencing) бойынша әдебиеттер тізімін рәсімдеу жөніндегі ақпарат https://www.mendeley.com/guides/harvard-citation-guide/ сілтемесі арқылы қолжетімді. Бұл ресурс сілтемелер мен библиографиялық мәліметтерді Гарвард стилі (Harvard style referencing) талаптарына сай рәсімдеуге арналған ұсынымдар мен мысалдарды қамтиды.

 

Гарвард стилінде (Harvard style referencing) әдебиеттер тізімін рәсімдеу:

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Ахметжанова, С.Б. (2016) «Высшее образование в Казахстане: проблемы и перспективы развития», Вестник ЕНУ им. Л.Н. Гумилева. Серия Химия. География. Экология, (5), стр. 10–18. Доступно по адресу: https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-х-х - журнал
  2. Касым-Жомарт Токаев (2019) «Ежегодная августовская конференция с участием главы государства» 16.08.2019, kz. Доступно по ссылке: https://www.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/4981834-polnyy-tekst-vystupleniya-tokaeva-na.html (дата обращения : 25 июля 2023 г.). – электронный ресурс
  3. Tsinidou, M., Gerogiannis, V. and Fitsilis, P. (2010), "Evaluation of the factors that determine quality in higher education: an empirical study", Quality Assurance in Education, Vol. 18 No. 3, pp. 227-244. https://doi.org/10.1108/09684881011058669 - журнал на английском языке
  4. Греков, Б. (1939) История и кино. Советский исторический фильм. Москва: Госкиноиздат. – книга
  5. Совет Министров СССР (1958) «О мерах по сохранению детских колоний МВД СССР», в Сборнике энергии и Указов Президиума ВС СССР, 1938–1958 гг. Москва: Госкиноиздат, с. 604. - законодательные и нормативные документы
  6. Нургалиев, Р.Н. (ред.) (1986) Караганда. Карагандинская область: Энциклопедия. Алма-Ата. - энциклопедия
  7. Ромашова, М.В. (2009) «Исключение из правил: советские детские дома в послевоенное десятилетие», в Астафьевские чтения: конференция «Время «веселого солдата»: ценности послевоенного общества и их осмысление в современной России», Пермь, стр. 108–116. – материалы конференций
  8. Ромашова, М.В. (2006) Советское детство в 1945 – середине 1950-х гг.: Особые проекты и провинциальные практики: на материалах Молотовской области: автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторической науки. Пермь. – автореферат диссертации

 

Мақаланың негізгі мәтіні мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін аңдатпаны, мақаланың тақырыбын мақаланың жазылу тіліне байланысты басқа екі тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде беру қажет:

 

 

С.К. Искендирова1,С.Ж. Зейнолла2

1Филиал Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан  по Акмолинской области, Кокшетау, Казахстан

2Казахстанско-Немецкий университет, Алматы, Казахстан

 

Вопросы оценки системы высшего образования в Казахстане и

управления ее качеством

 

Аннотация.

Ключевые слова:

 

 

S.K. Iskendirova1,S.Zh.Zeinolla2

1The Branch of the Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan of Akmola Region, Kokshetau, Kazakhstan

2German-Kazakh University, Almaty, Kazakhstan

 

Assessment of the Higher Education System of Kazakhstan and Issues of Its Quality Management

 

Abstract.

Keywords:

 

 

Әдебиеттер тізімінде кириллицада берілген шығармалар болса, әдебиеттер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: біріншісі – түпнұсқада. екіншісі – романизацияланған әліпбиде (транслитерация).

Романизацияланған библиография келесідей болуы керек: транслитерация - http://www.translit.ru

 

Үлгі:

References

  1. Ahmetzhanova, S.B. (2016) «Vysshee obrazovanie v Kazahstane: problemy i perspektivy razvitija», Vestnik ENU im. L.N. Gumileva. Serija Himija. Geografija. Jekologija, (5), str. 10–18. Dostupno po adresu: https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-h-h . [in Russian]
  2. Kasym-Zhomart Tokaev (2019) «Ezhegodnaja avgustovskaja konferencija s uchastiem glavy gosudarstva» 16.08.2019, Zakon.kz. Dostupno po ssylke: https://www.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/4981834-polnyy-tekst-vystupleniya-tokaeva-na.html (data obrashhenija: 25 ijulja 2023 g.).
  3. Tsinidou, M., Gerogiannis, V. and Fitsilis, P. (2010), "Evaluation of the factors that determine quality in higher education: an empirical study", Quality Assurance in Education, Vol. 18 No. 3, pp. 227-244. https://doi.org/10.1108/09684881011058669
  4. Grekov, B. (1939) Istorija i kino. Sovetskij istoricheskij fil'm. Moskva: Goskinoizdat. [in Russian].
  5. Sovet Ministrov SSSR (1958) «O merah po sohraneniju detskih kolonij MVD SSSR», v Sbornike jenergii i Ukazov Prezidiuma VS SSSR, 1938–1958 gg. Moskva: Goskinoizdat, s. 604. [in Russian].
  6. Nurgaliev, R.N. (red.) (1986) Karaganda. Karagandinskaja oblast': Jenciklopedija. Alma-Ata. [in Russian].
  7. Romashova, M.V. (2009) «Iskljuchenie iz pravil: sovetskie detskie doma v poslevoennoe desjatiletie», v Astaf'evskie chtenija: konferencija «Vremja «veselogo soldata»: cennosti poslevoennogo obshhestva i ih osmyslenie v sovremennoj Rossii», Perm', str. 108–116. [in Russian].
  8. Romashova, M.V. (2006) Sovetskoe detstvo v 1945 – seredine 1950-h gg.: Osobye proekty i provincial'nye praktiki: na materialah Molotovskoj oblasti: avtoreferat dissertacii na soiskanie uchenoj stepeni kandidata istoricheskoj nauki. Perm'. [in Russian].

 

Әрі қарай 3 тілде «авторлар туралы мәлімет» берілуі керек. «Авторлар туралы мәлімет» бөлімінде барлық ақпаратты – аты-жөні – хат-хабар авторы, ғылыми дәрежесі, мамандығы, лауазымы, ұйымы, мекенжайы: пошталық индексі, қаласы, елі – толық көрсетіңіз.

 

Үлгі:

Авторлар туралы мәлімет:

Искендирова С.К. - хат-хабар авторы, экономика гылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік баскару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалы, Абай көшесі, 87, 020000, Көкшетау, Қазақстан

Зейнолла С.Ж. - PhD, жоба жетекшісі, Қазақстан-Неміс университеті, Пушкин көшесі, 111, 050000, Алматы, Қазақстан

 

Сведения об авторах:

Искендирова С.К. - автор для корреспонденции, кандидат экономических наук, профессор, Филиал Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан по Акмолинской области, ул. Абая, 87, 020000, Кокшетау, Казахстан

Зейнолла С.Ж. – PhD, руководитель проекта, Казахстанско-Немецкий университет, ул. Пушкина, 111, 050000, Алматы, Казахстан

 

Information about authors:

Iskendirova S.K. - corresponding author, Professor, The Branch of the Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan of Akmola Region, Abai str., 87, 020000, Kokshetau, Kazakhstan

Zeinolla S.Zh. - PhD, project manager, German-Kazakh University, Pushkin str., 111, 050000, Almaty, Kazakhstan