ӘЛЕУМЕТТАНУ АБЫЗЫНЫҢ ӨСИЕТІ:Н.А. АИТОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

Authors

  • B.Zh. Smagambet Author

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-197-203

Abstract

Биыл әлеуметтік ғылымдар саласының көрнекті өкілі, әлеуметтік құрылым және әлеуметтік жобалау мен жоспарлау, өндіріс және қала әлеуметтануының отандық мектебінің негізін қалаушылардың бірі – философия ғылымдарының докторы, профессор Нариман Абдрахманович Аитовтың туғанына 100 жыл толып отыр. Н.Аитов есімі ғылыми ортада қатаң эмпириялық зерттеулермен, нақты деректерге негізделген талдауларымен танымал. Алайда, ғалымның мұрасында оның дүниетанымдық көзқарасының эволюциясын көрсететін ерекше бір еңбек бар. Ол – 1996 жылы  Алматыда жарық көрген «Моя социальная философия» (Менің әлеуметтік философиям) еңбегі. Ғұмырының басым бөлігін маркстік әлеуметтануға арнаған ғалымның зияткерлік тәубесі әрі ғылыми өсиеті іспетті осы еңбек – 90-жылдардың басындағы геосаяси дүмпулер, КСРО-ның ыдырауы тұсында Н.Аитовтың бұрынғы догмаларды қайта зерделегенінің  айғағы.
Назарларыңызға алғаш рет қазақ тілінде ұсынылып отырған монографияның «Алғысөзінде» Н.А. Аитов марксизмнен неге бас тартқанын, бірақ оны неліктен толық жоққа шығармайтынын түсіндіреді. Ол марксизмнің ХІХ ғасырдағы капитализмді түсіндірудегі қауқарын мойындай отырып, оның қазіргі «постиндустриялық қоғам» мен тарихи «өтпелі кезеңдерді» түсіндірудегі дәрменсіздігін ашық айтады.
Аитовтың бұл мәтіні бүгінгі қазақстандық әлеуметтанушылар үшін несімен құнды?
⦁    Сыни ойлау үлгісі: Автор өзінің бұрынғы ұстанымдарынан бас тартудан қорықпайды. Ол марксизмді «Прокруст алаңына» (құбылыстың мәніне сай келмейтін жасанды өлшем) теңей отырып, ғылыми шындық бәрінен жоғары екенін көрсетеді.
⦁    Постмодерн салдарын маркстік талдау нәтижесіндегі  сыңаржақтылық марксизмді қайта зерделеудің қажеттілігін тудырады. 
⦁    Жаңа теория ізденісі: Мәтін соңында ол жас ғалымдарды ескі қалыптан шығып, қоғамдық дамудың неғұрлым әмбебап теориясын жасауға шақырады.
Н.А. Аитовтың 100 жылдық мерейтойына орай, оның ғылыми мұрасын жаңғырту және қазақ тілді оқырманға жеткізу мақсатында төмендегі аударманы ұсынып отырмыз.

Downloads

Published

2025-12-18

Issue

Section

Articles

How to Cite

ӘЛЕУМЕТТАНУ АБЫЗЫНЫҢ ӨСИЕТІ:Н.А. АИТОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 153(4), 197-203. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-197-203