Авторларға арналған нұсқаулық

Gumilyov Journal of Sociology әлеуметтану және іргелес әлеуметтік ғылымдар бойынша бұрын жарияланбаған және басқа басылымдардың қарауында тұрмаған ғылыми материалдарды қабылдайды.

Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Автор ұсынылған деректердің шынайылығы, мәтіннің түпнұсқалығы, дәйексөз келтірудің дұрыстығы, академиялық адалдық пен жарияланым этикасын сақтау үшін жеке жауапкершілік алады.

  1. Жүйеге жүктелетін құжаттар

Материалды ұсыну үшін автор жүйеге 4 құжатты жүктеуі тиіс:

  • Авторлары бар мақала — авторлардың ТАӘ, аффилиациясын, ORCID, e-mail және авторлар туралы мәліметтерді қамтитын Word файлы.
  • Авторсыз мақала — рецензенттерге арналған жасырын (обезличенный) Word файлы. Бұл файлда авторлардың ТАӘ, аффилиациясы, e-mail, ORCID, алғыс сөздер, қаржыландыру туралы мәліметтер және авторлықты анықтауға мүмкіндік беретін басқа да деректер болмауы керек.
  • Ілеспе хат — белгіленген үлгі бойынша дайындалған файл. Үлгі сілтеме бойынша қолжетімді: Ілеспе хат.
  • Төлем түбіртегі — журнал шарттарына сәйкес төлемді растайтын құжат.

Қолжазбаны ұсынбас бұрын автор Жария оферта шартымен, сондай-ақ төлем деректемелері мен тәртібі туралы ақпаратпен танысуы тиіс. Құжаттар топтамасы толық болмаса, бұл материалдың рецензиялауға жіберілместен авторға қайтарылуына негіз бола алады

  1. Мақаланың көлемі мен форматы

Қолжазба Microsoft Word (.doc / .docx) форматында беріледі.

Ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар:

  • бет форматы — А4;
  • жиектері (поля) — барлық жағынан 20 мм;
  • қаріп — Times New Roman;
  • қаріп өлшемі — 14;
  • жоларалық интервал — 1;
  • мәтінді туралау — ені бойынша;
  • абзац шегінісі — 1,0 см. Түпнұсқа ғылыми мақаланың көлемі (атауы, авторлар туралы мәліметтер, аннотация, түйінді сөздер және әдебиеттер тізімін қоспағанда) 3000-нан 7000 сөзге дейін болуы тиіс.
  1. Мақала құрылымы

Түпнұсқа ғылыми мақала IMRAD құрылымы бойынша ресімделуі керек.

Толық шаблонды мына сілтемеден көре аласыз: Word файлындағы ресімдеу нұсқаулығы

  1. Авторлар туралы мәліметтер және ORCID

Авторлары бар мақалада мыналар көрсетілуі тиіс: автордың/авторлардың ТАӘ; жұмыс орны; қала мен ел; e-mail; әр автордың ORCID iD нөмірі; корреспонденция үшін жауапты автор (* белгісімен).

ORCID iD әр автор үшін міндетті. Ол автордың ТАӘ жанында белсенді гиперсілтеме ретінде көрсетіледі.

ORCID белгішесін қою және гиперсілтемемен байланыстыру жолы:

  1. Ресми ORCID белгішесін жүктеп алыңыз немесе мақала шаблонындағы белгішені пайдаланыңыз.
  2. Белгішені автордың ТАӘ жанына қойыңыз.
  3. ORCID белгішесін бөлектеп алыңыз.
  4. Ctrl+K пернелерін басыңыз немесе Word мәзірінен: Вставка → Ссылка / Гиперссылка таңдаңыз.
  5. Автордың профиліне сілтемені мына форматта қойыңыз: https://orcid.org/0000-0000-0000-0000.
  6. Белгішені басқан кезде автордың ORCID жеке парақшасы ашылатынын тексеріңіз.

Барлық авторлардың ORCID нөмірлері болмаған жағдайда қолжазба қарауға қабылданбайды.

  1. Аңдатпа және негізгі ұғымдар

Аңдатпа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы керек. Көлемі — әр тілде 150-ден 300 сөзге дейін.

Аңдатпада мыналарға жол берілмейді:

  • әдебиеттерге сілтемелер;
  • кестелер, суреттер, диаграммалар және формулалар;
  • веб-сілтемелер мен электронды мекенжайлар;
  • түсіндірмесіз қысқартулар;
  • мақала мазмұнына қатысы жоқ мәліметтер;
  • негізгі мәтін үзінділерін сөзбе-сөз қайталау.

Негізгі ұғымдар үш тілде ұсынылады. Ұсынылатын саны — 7 сөз немесе сөз тіркесінен аспауы тиіс. Негізгі ұғымдар бір-бірінен үтір арқылы бөлінеді.

  1. Кестелер, суреттер және иллюстрациялар

Кестелер, суреттер, графиктер және диаграммалар мәтінде бірінші рет аталған жерден кейін орналастырылады.

Әр кесте мен әр суреттің нөмірі, атауы және қажет болған жағдайда дереккөзі көрсетілген ескертпесі болуы тиіс.

Автор иллюстрациялық материалдарды, деректерді, фотосуреттерді және авторлық құқықтың басқа да объектілерін дұрыс пайдалану үшін жауапкершілік арқалайды.

  1. Мәтін ішіндегі сілтемелер

Мәтін ішіндегі сілтемелер Harvard style referencing стиліне сәйкес ресімделеді. Мысалдар:

  • парафраз кезінде: (Ахметжанова, 2016);
  • сөзбе-сөз дәйексөз кезінде: (Ахметжанова, 2016, 15-бет);
  • егер автор мәтінде аталса: Ахметжанова (2016) атап өткендей, ...;
  • бірнеше авторы бар дереккөзге сілтеме: (Tsinidou, Gerogiannis & Fitsilis, 2010).

Мәтінде көрсетілген барлық дереккөздер әдебиеттер тізіміне енгізілуі тиіс. Әдебиеттер тізіміндегі барлық дереккөздердің мақала мәтінінде сәйкес сілтемелері болуы міндетті.

  1. Әдебиеттер тізімі

Әдебиеттер тізімі Harvard style referencing стиліне сәйкес ресімделеді.

Негізгі талаптар:

  • дереккөздер алфавиттік тәртіппен орналасады;
  • библиографиялық сипаттама толық және дәл болуы керек;
  • болған жағдайда DOI көрсетіледі;
  • интернет-дереккөздер үшін сілтеме және қолжетімділік күні көрсетіледі;
  • мәтін ішіндегі және тізімдегі сілтемелер бірыңғай болуы керек.
  1. Дереккөздерді транслитерациялау

Егер әдебиеттер тізімінде кириллицадағы дереккөздер болса, негізгі тізімнен кейін міндетті түрде References бөлімін ұсыну керек.

References бөлімінде кириллицадағы дереккөздер романизацияланған түрде беріледі. Транслитерацияланған дереккөзден кейін түпнұсқа тілі көрсетіледі: [in Russian], [in Kazakh].

Орыс тіліндегі дереккөздерді транслитерациялау үшін Translit.ru сервисін, ал қазақ тіліндегі дереккөздерді транслитерациялау үшін Qazlatyn.kz мәтіндік түрлендіргішін қолдану ұсынылады. Автоматты транслитерациядан кейін автор фамилиялардың, атаулардың, терминдердің, географиялық атаулардың, DOI және URL мекенжайларының дұрыстығын тексеруге міндетті.

References бөліміндегі дереккөздердің реті негізгі әдебиеттер тізіміне сәйкес болуы тиіс. Мәтін ішіндегі сілтемелерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және References бөлімін ресімдеу бірыңғай стандартқа сай болуы тиіс.

  1. Авторлардың үлесі, қаржыландыру және мүдделер қақтығысы

Мақалада әр автордың зерттеуді дайындауға және қолжазбаға қосқан үлесі көрсетілуі тиіс.

Авторлардың үлесі тұжырымдаманы әзірлеуді, деректерді жинауды, нәтижелерді талдау мен түсіндіруді, мәтінді дайындауды, редакциялауды және мақаланың түпкілікті нұсқасын бекітуді қамтуы мүмкін.

Егер зерттеу қаржылық қолдаумен орындалса, қаржыландыру көзін, жобаның атауы мен нөмірін көрсету керек. Егер қаржыландыру болмаса, автор мынадай тұжырымды жаза алады: Зерттеу сыртқы қаржыландырусыз жүргізілді.

Авторлар мүдделер қақтығысының бар немесе жоқ екенін көрсетуге міндетті. Мүдделер қақтығысы болмаған жағдайда мына тұжырым ұсынылады: Авторлар мүдделер қақтығысының жоқтығын мәлімдейді.

  1. Этикалық талаптар

Егер зерттеу адамдардың қатысуымен (интервью, фокус-топтар, сауалнама, бақылау немесе жеке деректерді өңдеу) жүргізілсе, авторлар этикалық талаптардың қалай сақталғанын көрсетуі тиіс. Мақалада мыналар көрініс табуы керек:

  • қатысушылардың ақпараттандырылған келісімін алу;
  • анонимділік пен құпиялылықты қамтамасыз ету;
  • деректерді жинау, сақтау және талдау кезіндегі этикалық нормаларды сақтау;
  • қажет болған жағдайда этикалық комитеттің мақұлдауы туралы мәліметтер.
  1. Түпнұсқалықты тексеру

Қолжазбаны ұсынбас бұрын автор мәтіннің академиялық адалдық талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізуі тиіс. Түпнұсқалығы 75%-дан кем емес материалдар қарауға қабылданады.

Түпнұсқалықты тексерудің толық тәртібі, қолжазбаны қайтару немесе қараудан бас тарту негіздері «Мақала қарастыру тәртібі» бөлімінде көрсетілген.

Қолжазбаны жолдау алдындағы маңызды ақпарат

Материалдарды жүйеге жүктемес бұрын автор мынадай талаптардың орындалғанына көз жеткізуі қажет:

  • мақала журналдың тақырыптық профиліне сәйкес келеді;
  • қолжазба бұрын жарияланбаған және басқа журналдың қарауында емес;
  • мақаланың екі файлы дайындалған: авторлар көрсетілген және авторларсыз;
  • ілеспе хат жүктелген;
  • төлем түбіртегі жүктелген;
  • автор Жария оферта шартымен танысқан;
  • мақала журнал шаблоны бойынша ресімделген;
  • барлық авторлардың ORCID нөмірлері көрсетілген;
  • аннотация мен түйінді сөздер үш тілде ұсынылған;
  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі Гарвард стилінде ресімделген;
  • кириллицадағы дереккөздер болған жағдайда References бөлімі дайындалған;
  • кестелер мен суреттер нөмірленген және атаулары бар;
  • мәтіндегі және әдебиеттер тізіміндегі барлық дереккөздер сәйкес келеді.

Журнал талаптарына сәйкес келмейтін материалдар рецензиялауға жіберілместен, авторға түзету үшін қайтарылуы мүмкін.