Жариялау этикасы

Жариялау этикасы

Журналдың редакция саясаты және ғылыми жарияланым этикасы Жарияланым этикасы комитетінің журнал редакторларына арналған ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулықта (Committee on Publication Ethics: COPE: Committee on Publication Ethics) баяндалған ғылыми мерзімді басылымдардың этикалық принциптеріне бағдарланған:

  1. Мақалада:

- жөнелту сәтінде жарияланбауы немесе басқа басылымда қаралмауы керек;

- өз зерттеулерініңің нәтижелерін қамтуы тиіс;

- автор (лар) жұмысының нәтижелерін қосуы қажет. Барлық авторлар осы журналда мақаланы жариялауға келіседі және мақалада авторларды көрсету тәртібіне қарсы емес;

- дәйексөздер тізімінде зерттеу барысында шынымен пайдаланылған рецензияланған дереккөздерді ғана қамтиды және пайдаланылған барлық дереккөздерді көрсетеді.

 

  1. Автор(лар) үшін:

Мақаланы редакцияға жолдай отырып, автор(лар) ешкімнің авторлық құқықтарын және жариялау этикасының қағидаттарын бұзбайтындығына кепілдік береді. Автор(лар) «Gumilyov journal of sociology» журналының баспасына шексіз мерзімге мынадай айрықша құқықтарды береді:

-мақаланы көбейтуге (жариялау, жария ету, көшіру, таралым жасау немесе өзге түрде көбейту) тираж көлеміне шектеу қоймай, кез келген тәсілмен тарату құқығы. Бұл ретте әрбір мақала данасында автордың (авторлардың) аты-жөні көрсетілуі тиіс;

-құрамдас мақалаға енгізу құқығы;

-жалпыға жария ету құқығы;

-мақаланың метадеректерін (атауы, автор(лар)дың (құқық иесінің) аты-жөні, аңдатпа, библиографиялық мәліметтер, толық мәтіні және т.б.) тарату, жария ету, өңдеу, жүйелеу, сондай-ақ әртүрлі мәліметтер базалары мен ақпараттық жүйелерге (соның ішінде мақаланың толық мәтіндік нұсқаларына) енгізу арқылы пайдалану құқығы.

Мақаланы пайдалану құқығы территория шекараларымен шектелмейді. Автор(лар) мақала қабылданғаннан кейін оның журнал сайтында ашық қолжетімді форматта орналастырылуына, сондай-ақ баспа нұсқасының кітапханалар мен өзге ұйымдарда (мекемелерде) таралуына қарсылық білдірмейді.

Автор(лар) сондай-ақ журнал баспасына өздерінің жеке деректерін (аты-жөні, білімі туралы мәліметтер, жұмыс орны және лауазымы туралы ақпарат) мерзімі шектелмей сақтауға және өңдеуге құқық береді. Бұл деректер әртүрлі мәліметтер базаларында және ақпараттық жүйелерде сақталып, өңделуі, аналитикалық және статистикалық есептерге енгізілуі, ғылыми, әдеби және көркем шығармалардың объектілерімен негізделген байланыстарды құру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

Автор(лар) ғылыми мақалада интеллектуалды меншік объектілерін, авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Автор(лар) мақалада плагиат немесе жариялау этикасын бұзу белгілерінің бар-жоғын тексеруге журнал баспасына келісімін береді.

Автор(лар) редакция алқасына қолжазбаның негізгі мазмұнын өзгертпей ғылыми және әдеби өңдеу жүргізуге, сараптамадан өткізуге және қажетті түзетулер енгізуді ұсынуға құқық береді. Мақала тек автор(лар) тарапынан түзетулер енгізілген соң ғана жарияланады.

Автор(лар) мақала безендірілуі мен мазмұны журнал талаптарына сай келмеген, немесе қолжазбада Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен және өзге де ресми құжаттарымен тыйым салынған мәліметтер бар, не болмаса ғылыми және/немесе жариялау этикасының принциптері бұзылған жағдайларда редакция алқасының мақаланы жариялаудан бас тартуға құқығы бар екенін мойындайды.

Автор(лар) басқа ғалымдармен немесе журнал редакциясы мүшелерімен мүдделер қақтығысының бар/жоғы туралы мәлімдейді. (Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, автор(лар) өз қолжазбасын объективті бағалауға кедергі келтіруі мүмкін себептер мен ғалымдардың аты-жөнін көрсетуі тиіс).

Автор(лар) журналдың редакция саясаты, мақалаларды қарау тәртібі, авторларға арналған нұсқаулықтар, жариялау этикасы секілді ақпараттармен танысқанын мәлімдейді.

 

  1. Рецензент үшін:

Журналда жарияланатын мақалалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында қосарлы «соқыр» рецензиялау тәртібі қолданылады (рецензенттер авторларды, ал авторлар рецензенттерді білмейді). Қолжазба екі тәуелсіз рецензентке жіберіледі.

Құқықтары:

  • рецензиялау үшін ұсынылған қолжазбаның аңдатпасын сұратуға;
  • аңдатпамен немесе қолжазбаның толық, дербестендірілмеген нұсқасымен танысқаннан кейін, рецензиялаудан бас тартуға;
  • материалдың тақырыбы бойынша маман болмаса, бұл туралы редакцияны хабардар ете отырып, рецензиялаудан бас тартуға құқылы.

Міндеттері:

  • қолжазбамен танысуды құпия құжат ретінде қарастыруы тиіс;
  • жіберілген материалға шынайы әрі негізді баға беруі қажет;
  • рецензиялау барысында алынған ақпараттар мен идеяларды жария етпеуі және оларды жеке пайдасына пайдаланбауы тиіс;
  • мүдделер қақтығысы болған жағдайда, рецензиялау процесіне қатыспауы қажет;
  • қолжазбадағы материалдарды өз еңбегінде пайдалануға жол бермеуі тиіс.

 

  1. Бас редактор үшін:

Құқықтары:

  • редакция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізуге;
  • редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі мен кәсіпорын басшысының өз қызметіне қатысты шешім жобаларымен танысуға;
  • редакцияның күнделікті жұмысын қамтамасыз етуге қатысты құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауға;
  • редакция жұмысына қатысты мәселелерді қарау кезінде алқалы басқару органдарының жұмысына қатысуға құқылы.

Міндеттері:

  • басылымның даму тұжырымдамасын әзірлеуі;
  • авторлар ұсынған мақалаларды редакциялауы;
  • қолжазбаларды редакциялауға және рецензиялауға жіберуі;
  • баспаға жіберілетін материалдарды әзірлеуі;
  • редакция жұмысы туралы есеп дайындауы тиіс.

Редакция алқасы мүшелерінің міндеттері:

  • журналдың редакция алқасы отырыстарына қатысып, рецензенттердің мақалалар бойынша берген пікірлерімен келісу немесе келіспеу жөнінде өз көзқарасын білдіруі, сондай-ақ журнал нөмірлерінің мазмұнын бекітуге қатысуы тиіс;
  • қолжазбаларды автордың немесе авторлар ұжымының жынысына, ұлтына, дініне немесе басқа да жеке ерекшеліктеріне қарамастан, мазмұнына қарай бағалауы қажет;
  • жариялауға ұсынылған материалдарды рецензенттер, редакторлар және қолжазбамен жұмысқа тартылған басқа қызметкерлердің өз жұмыстарында пайдаланбауы керек;
  • мүдделер қақтығысы орын алса, рецензиялаудан немесе материалды қараудан бас тартуы тиіс, сондай-ақ автордан мүдделер қақтығысының бар-жоғы туралы ақпарат беруді талап ете алады.

Егер жарық көрген мақалада техникалық себептермен (формулалардағы қателер, көрсеткіштердегі бұрмалаулар) өрескел қателіктер анықталса, олар туралы түзетулер келесі нөмірлерде жариялануы мүмкін.