GUMILYOV JOURNAL OF SOCIOLOGY – ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ 1-ТІЗІМІНДЕ
Gumilyov Journal of Sociology журналы үшін маңызды кезеңнің бірі басталды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 619 бұйрығына сәйкес журнал «Әлеуметтану ғылымдары» бағыты бойынша ғылыми еңбектердің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдардың 1-тізіміне енгізілді.
Журналдың 1-тізімге енгізілу мерзімі – 2026 жылғы шілде айынан бастап.
Бұл шешім редакциялық алқаның, рецензенттердің және авторлардың ғылыми басылым сапасына қойылатын талаптарды сақтау жолындағы бірлескен еңбегінің нәтижесін көрсетеді.
Журналмен бірге еңбек етіп, оның қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан барша әріптестерімізге алғыс білдіреміз.
Gumilyov Journal of Sociology алдағы уақытта да әлеуметтанулық зерттеулерді жариялайтын кәсіби ғылыми пікір алмасу алаңы болуға ұмтылады.
Ресми құжат:
https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/documents/details/520901?lang=ru
Gumilyov Journal of Sociology редакциясы





