Жастар көші-қоны бойынша жаңа теориялық диркурс: тәсілдерге шолу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-7-25

Кілт сөздер:

миграциялогиядағы теориялық дискурс, халықаралық миграция, еңбек миграциясы, жастар миграциясы

Аңдатпа

ХХІ ғасырда жастардың халықаралық көші-қонының ауқымы үнемі өсіп келеді және бұл процесс қазіргі әлемнің әлеуметтік-экономикалық өмірінің типтік құбылысына айналуда.

Бұл жұмыстың мақсаты қазіргі заманның әлеуметтік процестері контекстінде процеске тиісті теориялық және әдістемелік талдауды қалыптастыру.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы жұмыстағы тұжырымдардың жастардың көші-қон қатынастарын зерттеу саласындағы кейінгі зерттеулерге теориялық негіз бола алатынында.

Талдаудың әдіснамалық негізі ретінде трансұлтшылдықтың өзекті ғылыми тәсілдері, «ұтқырлық» парадигмасы таңдалды.

Зерттеу нәтижелері – жастардың халықаралық көші-қоны мәселесіне жаңа теориялық көзқарастарды шолу негізінде негізгі ұғымдар мен түсініктемелер анықталды, халықаралық жастар көші-қонын реттеу тетіктері бойынша зерттеу шешімдеріндегі әртүрлі тұжырымдамалық негіздерді салыстыру арқылы талдау жүргізіледі.

Қорытынды: Жаңа теориялық тәсілдер жас мигранттардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық байланыстарды ескеруді талап етеді.

Жұмыс әртүрлі пәндік көзқарастар мен әдістемелік құралдардан халықаралық жастар көші-қоны процесін тиісті аналитикалық түсінуге маңызды үлес қосады.

Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы: талдау еліміздегі жастардың көші-қон саясатының тиімділігінің тұжырымдамалық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-17

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жастар көші-қоны бойынша жаңа теориялық диркурс: тәсілдерге шолу. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 151(2), 7-25. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-7-25

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 19

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.