Gumilyov Journal of Sociology журналынан жіберілетін қызметтік хаттардың жеткізілуіне қатысты маңызды ақпарат

2026-10-12

Құрметті авторлар мен рецензенттер!

Gumilyov Journal of Sociology журналының редакциясы журналдың https://socjournal.enu.kz сайтынан жіберілетін қызметтік хаттар мен автоматты хабарламалардың жеткізілуіне қатысты кейбір мәселелерге назар аударуды сұрайды.

Кейбір жағдайларда Mail.ru, Yandex.ru және басқа да пошта сервистері Open Journal Systems (OJS) платформасы арқылы автоматты түрде жіберілетін хабарламаларды бұғаттауы немесе оларды «Спам» не «Жойылғандар» қалталарына жіберуі мүмкін. Соның салдарынан пайдаланушылар тіркелу, қолжазбаны жіберу, рецензиялау барысы және редакциямен хат алмасудың басқа да кезеңдері туралы хабарламаларды уақытылы алмауы ықтимал.

Редакциямен байланыстың үздіксіз әрі уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін авторлар мен рецензенттерден төмендегі ұсынымдарды ескеруді сұраймыз:

  1. Журнал сайтына тіркелу кезінде корпоративтік электрондық пошта мекенжайын пайдаланған жөн. Мысалы, @enu.kz, @edu.kz және басқа ұйымдардың домендеріне тиесілі мекенжайлар.
  2. Корпоративтік пошта болмаған жағдайда Gmail (@gmail.com) мекенжайын пайдалануды ұсынамыз. Бұл автоматты хабарламалардың жеткізілмеу ықтималдығын азайтуға көмектесуі мүмкін.
  3. Тіркелгеннен кейін, әсіресе қолжазбаны жіберу, рецензиялау және редакциямен хат алмасу кезеңдерінде «Спам» және «Жойылғандар» қалталарын үнемі тексеріп отырыңыз.
  4. Егер журнал сайтына тіркелген кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабарламалар келмесе, жеке кабинеттегі байланыс деректерінің дұрыстығын тексеріп, қажет болған жағдайда электрондық пошта мекенжайын өзгертуді сұраймыз.

Электрондық пошта мекенжайының дұрыс көрсетілуі және оның қолданыста болуы редакциямен уақтылы байланыс орнату үшін маңызды. Сондықтан қолжазбаларды қарау мен редакциялық хат алмасу барысында кідірістер туындамауы үшін осы ұсынымдарға назар аударып, электрондық пошта баптауларын алдын ала тексерулеріңізді сұраймыз.

Түсіністік танытып, ынтымақтастық орнатқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Құрметпен,
Gumilyov Journal of Sociology журналының редакция алқасы