ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТРАНСФОРМАЦЯСЫ КОНТЕКСТІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ МАСКУЛИНДІК БІРЕГЕЙЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-145-160Кілт сөздер:
маскулиндік, гендер, әлеуметтену, гибридті бірегейлік, Қазақстан, жастарАңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада дәстүрлі құндылықтардың
трансформациясы мен жаһандық мәдени ықпалдар жағдайында Қазақстан
жастары арасындағы маскулиндік бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктеріне
талдау жасалады. Зерттеу әлеуметтік конструкционистік парадигмаға сүйенеді
және де гегемондық, инклюзивті және гибридті маскулиндік концепцияларын
біріктіреді. Сауалнама және ашық жауаптарды тематикалық талдауды қамтитын
аралас дизайнды қолдана отырып жүргізілген зерттеу нәтижесінде маскулиндікті
қабылдаудың гибридті сипаты анықталды. Нәтижесінде, отбасында қалыптасқан
дәстүрлі ұстанымдардың заманауи мәдени контекстпен ұштасып, жаңа сипатқа
ие болғаны дәлелденді.
Зерттеу нәтижелері жастар арасында эмоцияларды ашық көрсетудің
нормаға айналуы мен әлсіздікті танытуды қалыпты жағдай ретінде қабылдау
үрдісінің артып келе жатқанын көрсетті. Алайда, бұл жаңа ұстанымдар «күш»
пен «тұрақтылық» туралы дәстүрлі түсініктерді жоймайды, керісінше, олармен
үйлесіп, құндылықтардың жаңа иерархиялық жүйесін қалыптастырады. Аталған
гибридті конфигурация бәсекелес нормативтік жүйелердің динамикалық үйле
суін және өзара трансформацияны сипаттайтын shifting normative landscape
концепциясына сәйкес келеді.
Маскулиндік үлгілерін трансляциялауда отбасы институты негізгі
рөлін сақтаса, цифрлық орта гендерлік нормаларды бұзушы (деконструкция
лаушы) және нығайтушы (ремобилизациялаушы) кеңістік ретінде әрекет етеді.
Өзгерістерді қабылдауда жас ерекшелігі маңызды фактор, ал бағалау гендерлік
айырмашылықтардың статистикалық мәнді емес екені анықталды. Аталған
зерттеуде урбанизация гендерлік ұстанымдардың өзгеруіне ықпал ететін негізгі
фактор ретінде қарастырылады.






