СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК РӨЛДЕРГЕ КӨЗҚАРАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕТЕРМИНАНТТАРЫН ЭМПИРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-154-1-57-69

Кілт сөздер:

гендерлік рөлдер, гендерлік теңдік , жастар , институционалдық ықпал , әлеуметтік трансформация , PLS-SEM , әлеуметтік детерминанттар

Аңдатпа

Бүгінгі қоғамда гендерлік рөлдер мен оларға қатысты көзқарастар әлеуметтік қатынастардың маңызды бөлігі болып табылады. Әсіресе білім алушы студент жастардың гендерлік рөлдерді қабылдауы қоғамдағы әлеуметтік трансформация, дәстүр мен заманауи құндылықтардың өзара ықпалы жағдайында ерекше ғылыми маңызға ие. Сол себепті зерттеу мақаласы студенттер арасындағы гендерлік рөлдерге көзқарастардың қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік факторларды эмпириялық тұрғыдан талдауға бағытталды.

Зерттеудің мақсаты – студент жастардың гендерлік рөлдерге қатысты көзқарастарын және олардың әлеуметтік детерминанттарын анықтау. Сонымен қатар институционалдық ықпал мен қоғамдағы гендерлік өзгерістерді қабылдаудың гендерлік теңдікке көзқарасқа әсерін бағалау болып саналады. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы студент жастардың гендерлік ұстанымдарын құрылымдық модельдеу арқылы талдаумен және гендерлік көзқарастардың қалыптасу тетіктерін кешенді түрде түсіндіруімен негізделеді.

Зерттеу жұмысы сандық әдіснамаға негізделіп, арнайы құрастырылған сауалнама деректері Partial Least Squares Structural Equation Modeling (PLS-SEM) әдісі арқылы талданды. Зерттеуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алатын 556 студент қатысты. Гендерлік рөлдерге қатысты көзқарастар төрт латентті конструкция аясында топтастырылды. Олар: дәстүрлі гендерлік рөлдер, гендерлік теңдікке көзқарас, қоғамдағы гендерлік өзгерістерді қабылдау және институционалдық ықпал.

Нәтижелер қоғамдағы гендерлік өзгерістерді қабылдау мен институционалдық ықпалдың гендерлік теңдікке қатысты көзқарастарға оң және статистикалық тұрғыдан мәнді әсер ететінін дәлелдеді. Сондай-ақ институционалдық факторлардың дәстүрлі гендерлік рөлдерді күшейтуге ерекше ықпал ететіні анықталды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер студент жастар арасындағы гендерлік көзқарастардың күрделі әрі көпқырлы сипатқа ие екенін дәлелдеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК РӨЛДЕРГЕ КӨЗҚАРАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕТЕРМИНАНТТАРЫН ЭМПИРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. (2026). Gumilyov Journal of Sociology, 154(1), 57-69. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-154-1-57-69

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 51

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.