Журнал туралы

Gumilyov Journal of Sociology – рецензияланатын, ашық қолжетімді ғылыми журнал.

Журнал – 1995 жылдан бастап жарық көрген «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы» ғылыми басылымының құқықтық мұрагері.

2025 жылы аталған серияны бөлу және ребрендингтеу нәтижесінде журнал «Gumilyov Journal of Sociology» деген атпен дербес ғылыми басылым ретінде бөлініп шықты. Бұрынғы серияның шығарылымдар мұрағаты «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы» сайтында қолжетімді, ал әлеуметтану бағытындағы жаңа қолжазбалар «Gumilyov Journal of Sociology» ресми сайты арқылы қабылданады.

 

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № KZ81VPY00114486, 11.03.2025 ж.

Журналға халықаралық стандартты сериялық нөмірлер берілген:

ISSN Print: 3080-1702

ISSN Online: 3104-4638

Журналдың шығу мерзімі – жылына 4 рет: наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан.

Журнал материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жариялайды.

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған Журналдар тізбесіне енгізілген.

Gumilyov Journal of Sociology мақсаты – әлеуметтік процестерді, институттарды, қарым-қатынастарды, теңсіздіктерді, әлеуметтік өзгерістерді және өзекті қоғамдық мәселелерді зерттеуге бағытталған түпнұсқалық, әдіснамалық негізделген және академиялық маңызы бар зерттеулерді жариялау арқылы әлеуметтану ғылымдары саласындағы ғылыми коммуникацияны дамыту.

Журнал іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін ұсыну, теориялық және эмпириялық әлеуметтануды дамыту, ғылыми жарияланым мәдениетін нығайту және қазақстандық әлеуметтану ғылымын халықаралық зерттеу кеңістігіне ықпалдастыру үшін ашық академиялық алаңға айналуға ұмтылады.

Gumilyov Journal of Sociology миссиясы әлеуметтану және іргелес әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғылыми адалдықтың, академиялық пікірталас пен жарияланым этикасының жоғары стандарттарын қолдаудан тұрады.

Журнал қазақстандық және шетелдік зерттеушілер арасындағы ғылыми диалогты дамытуға, пәнаралық тәсілдерді ілгерілетуге, заманауи әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелеріне қолжетімділікті кеңейтуге және Қазақстан, Орталық Азия, Еуразия қоғамы мен жаһандық әлеуметтік процестерге арналған зерттеулердің көріну деңгейін арттыруға бағытталған. 

Журналдың ғылыми бағыттары

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 466 «Ғылыми бағыттардың сыныптауышын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Ғылыми бағыттардың сыныптауышына сәйкес келесі ғылыми бағыттар бойынша материалдарды қарауға қабылдайды:

50400 Әлеуметтану ғылымдары
50401 Демография
50402 Отбасылық зерттеулер
50403 Әлеуметтік ғылымдардың математикалық әдістері
50404 Әлеуметтік мәселелер
50405 Әлеуметтік жұмыс
50406 Әлеуметтану
50407 Феминология

Журналдың тақырыптық ауқымы

Gumilyov Journal of Sociology заманауи әлеуметтану және іргелес әлеуметтік ғылымдар бойынша теориялық, әдіснамалық, эмпириялық және қолданбалы зерттеулерді жариялайды. Журналдың тақырыптық ауқымына әлеуметтік теория мен зерттеу әдістері, демография, отбасылық және гендерлік зерттеулер, әлеуметтік мәселелер, теңсіздік, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саясат, экономикалық әлеуметтану, еңбек және жұмыспен қамту әлеуметтануы, саяси әлеуметтану, азаматтық қатысу, білім беру, жастар, мәдениет, қала, денсаулық сақтау, цифрлық орта, медиа, тәуекел және тұрақты даму әлеуметтануы кіреді. Журнал әлеуметтану, демография, әлеуметтік жұмыс, феминология, экономика, саясат және басқа да әлеуметтік ғылымдар тоғысындағы пәнаралық зерттеулерге ашық.

Жарияланатын материалдар түрлері

Журнал басылымның профиліне, редакциялық саясатқа, сондай-ақ Principles of Transparency and Best Practice in Scholarly Publishing және NISO JATS – Journal Article Tag Suite метадеректер стандартын қоса алғанда, халықаралық ғылыми баспа тәжірибесін ескере отырып, материалдардың келесі түрлерін қарауға қабылдайды:

  • түпнұсқалық ғылыми мақалалар;
  • шолу мақалалары және әдебиеттерге жүйелі шолулар;
  • теориялық, әдіснамалық және эмпириялық зерттеулер;
  • ғылыми эсселер мен пікірталас материалдары;
  • кітаптарға, монографияларға және ғылыми басылымдарға рецензиялар;
  • редакцияға хаттар және редакцияға хаттарға жауаптар;
  • редакциялық материалдар;
  • түзетулер, түсініктемелер және ретракция туралы хабарламалар.

Журналдың ғылыми профиліне, академиялық адалдық талаптарына, жарияланым этикасы мен басылымның редакциялық саясатына сәйкес келетін материалдар жариялауға қабылданады.

Мақсатты аудитория

Журнал кәсіби әлеуметтанушыларға, әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеушілерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, докторанттарға, магистранттарға, әлеуметтік саясат, әлеуметтік жұмыс, демография, гендерлік зерттеулер саласындағы мамандарға, сондай-ақ заманауи әлеуметтік процестерді ғылыми талдауға қызығушылық танытатын барлық оқырманға бағытталған.

Құрылтайшы және баспагер

Журналдың құрылтайшысы және баспагері – «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ.

Құрылтайшының ресми сайты: https://enu.kz/kz/

Баспагердің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Сәтбаев көшесі, 2.

Хабарландырулар

Ағымдағы шығарылым

Нөмір 156 № 3 (2026)
Жарияланды: 2026-09-30

Барлық шығарылымдар

Articles

  • ӘЛЕУМЕТТІК КОНСОЛИДАЦИЯ: ЗАМАНАУИ ӨЗБЕКСТАНДА ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ

    Ф.М. Ахмедова, Н.К. Шаумарова (Автор)
    8-21
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-8-21
    Қаралымдар: 256 / PDF жүктеулері: 38
  • КЕЛІН БЕЙНЕСІ – ҰРПАҚАРАЛЫҚ НОРМАТИВТІК КОНСТРУКТ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАУ

    Ш.Е. Джаманбалаева, Р.С. Саутбаева (Автор)
    22-45
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-22-45
    Қаралымдар: 201 / PDF жүктеулері: 55
  • ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ РӨЛДЕРДІҢ АСИНХРОНДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ: ГЕНДЕРЛІК НОРМАЛАР МЕН КҮНДЕЛІКТІ ТӘЖІРИБЕЛЕР

    А.Б. Иманқұл, Э.О. Столярова, Ж.С. Аубакирова (Автор)
    46-62
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-46-62
    Қаралымдар: 295 / PDF жүктеулері: 50
  • ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРДІ АЛГОРИТМДІК СЫҒЫМДАУ: ТІЛДІК МОДЕЛЬДЕР САЯСИ ҰСТАНЫМДАРДЫҢ ӘРТҮРЛІЛІГІН ҰДАЙЫ ӨНДІРЕ МЕ?

    Б. Меңдібаев (Автор)
    63-72
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-63-72
    Қаралымдар: 302 / PDF жүктеулері: 42
  • ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖАД ЖӘНЕ СИМВОЛДЫҚ БАҒДАРЛАР: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫ ЭМПИРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

    Г.Е. Окасова, М.С. Калдыбаев, И. Кунина (Автор)
    73-91
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-73-91
    Қаралымдар: 379 / PDF жүктеулері: 68
  • БАСПА МЕН МЕДИАНЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУДАҒЫ РӨЛІ: ПОСТКЕҢЕСТІК ЕЛДЕР МЫСАЛЫНДА

    К. Родионова (Автор)
    92-101
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-92-101
    Қаралымдар: 231 / PDF жүктеулері: 33
  • ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРТТІК ТАЛДАУ: ҚОРЫТЫНДЫ ДЕЛЬФИ ЗЕРТТЕУ

    Б.Е. Сагындыкова, Р.Е. Тулеманова, Г.Е. Ботабаев, Т.С. Мантаева (Автор)
    102-117
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-102-117
    Қаралымдар: 255 / PDF жүктеулері: 39
  • ТАРИХИ СИПАТТАУ ШЕГІНЕН ТЫС СЕДЕНТАРИЗАЦИЯ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТӘСІЛДЕР МЕН ТАЛДАУ ӨЛШЕМДЕРІ

    Б.Ж. Смағамбет, А. Айқынбайкызы (Автор)
    118-127
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-118-127
    Қаралымдар: 314 / PDF жүктеулері: 38
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ЗАҢДЫ РЕТТЕУДІҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАНУЫ

    Б.Н. Тохтахунов, А.Б. Монтаев, Ж.А. Алтаев, Ш. Эралиев, М.А. Ақмади (Автор)
    128-143
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-128-143
    Қаралымдар: 338 / PDF жүктеулері: 59
  • ИНСТИТУТТЫҚ, ТҰЛҒААРАЛЫҚ ЖӘНЕ АЛГОРИТМДІК СЕНІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ЦИФРЛАНДЫРУ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КРЕАТИВТІ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

    К.А. Туспекова, П.Т. Бурбаева, А.Б. Мусабаева, О. Кабул (Автор)
    144-156
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-144-156
    Қаралымдар: 288 / PDF жүктеулері: 65
  • ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ

    А.Б. Шабденова, О.Ю. Тарабукина, Д.А. Арын, Э.Х. Заитов (Автор)
    157-174
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-157-174
    Қаралымдар: 242 / PDF жүктеулері: 58
  • ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУДІҢХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІНЕ СЫНИ ТАЛДАУ

    Г.Н. Шанбаева, К.А. Абенова (Автор)
    175-194
    DOI: https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-175-194
    Қаралымдар: 335 / PDF жүктеулері: 68
Барлық журнал басылымдарын көрсету