АУЫЛДАН ҚАЛАҒА ҚОНЫС АУДАРҒАН КЕДЕЙ МИГРАНТ ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-124-141Кілт сөздер:
ауыл-қала көші-қоны, кедей мигрант отбасы, әлеу меттік қолдауАңдатпа
Ауылдық жерлерден қалаға көшу тенденциясының деңгейі жылдан жылға қарқынды көрсеткішке ие болуда. Елімізде ауылдан қалаға қоныс аударатын отбасыларды қолдаудың әлеуметтік саясаты жоқ. Зерттеудің мақсаты – ауылдан қалаға қоныс аударған кедей мигрант отбасылардың қала жағдайында кездесетін мәселелері және осы мәселелермен күресу, жеңу, бейімделу тәжірибесін анықтау. Зерттеудің әдісі – тереңдетілген сұқбат. Сұқбатқа 13 кедей отбасы (8 нуклеарлы отбасы, 5 кеңейтілген отбасы, оның ішінде 3 моноотбасы) қатысты. Зерттеудің нәтижелеріне сәйкес ауылдан қалаға қоныс аударған кедей мигрант отбасылар әлеуметтік қолдаулар мен көмектерді алуда бейресми желілердің (туыстар, достар, жұмыс беруші, пәтер иесі, таныстар) көмегіне жүгінетіндіктері анықталды. Мигрант отбасылардың қала жағдайында ресми желілердің көмектерін алудан қашуына негізгі себептері ақпараттандырылмау және сенімсіздік екендігі анықталды. Сонымен қатар мигрант отбасылардың қала жағдайында жергілікті тұрғындар тарапынан стигматизацияға ұшырау тәжірибесі нақтыланды. Бұл отбасылардың басым көпшілігінің қаржылық қиыншылықтың ықпалынан тұрмыстық қолайсыздықтар мен тұрақсыздық жағдайында өмір сүруі дәлелденді. Сондықтан мигрант отбасылардың табысты интеграциялануы мен әлеуметтік қолдауларға ие болуы үшін ішкі көші-қонды басқару мен реттеудің заңдастырылған жүйесі еліміз үшін қажет.






