АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛЕРІ ХАЛҚЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ СЫНАУ САЛДАРЛАРЫ КОНТЕКСТІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-7-26

Кілт сөздер:

полигон, радиациялық тәуекел, әлеуметтік-экономикалық жай-күй, қанағаттану көрсеткіштері, әлеуметтік жай-күй, сырқаттану деңгейі, медициналық қызметті бағалау, салыстырмалы бақылау аймағы

Аңдатпа

Семей ядролық сынақ полигонының проблемасы отыз жыл бұрын жабылғанына қарамастан бүгінгі күнге дейін де өзекті болып қала беруде. Экологиялық, эпидемиологиялық, физиологиялық және басқа да әсер ету факторларын зерттеу үнемі жүргізілуде. Сондықтан да осы зерттеудің негізгі мақсаты – төтенше радиациялық қауіп-қатер аймақтарына жататын халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу болып табылады. Осыған байланысты жоба міндеті шеңберінде зерттеу үшін қарастырылған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы деректерді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан, жергілікті атқарушы органдарынан алынып, зерттеудің сандық әдісі негізінде халыққа сауалнама жүргізу жүзеге асырылды. Сандық мәліметтер өңделу арқылы халықтың инфрақұрылым, медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік сала сапасына қанағаттану деңгейі бағаланды. Алынған мәліметтерді салыстырмалы талдау үшін ядролық сынақтардың әсерінен зардап шекпеген аймақ мысалы ретінде – Ақмола облысының Аршалы ауданы таңдалды.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер Абай облысының Бесқарағай және Абай аудандарының, яғни аудан орталықтарының тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдай сапасына қанағаттану деңгейі жоғары болса да, төтенше радиациялық қауіп–қатер аймақтарында, яғни Саржал, Черемушка, Долонь, Мостик елді мекендерінде медициналық қызметтердің, әлеуметтік инфрақұрылымның сапасының қанағаттануы төмен екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, зерттелген аудандардың тұрғындарының көпшілігі ауыз судың сапасына қанағаттанбайтындығы анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛЕРІ ХАЛҚЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ СЫНАУ САЛДАРЛАРЫ КОНТЕКСТІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. (2026). Gumilyov Journal of Sociology, 155(2), 7-26. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-7-26

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 61

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.