ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ РӨЛДЕРДІҢ АСИНХРОНДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ: ГЕНДЕРЛІК НОРМАЛАР МЕН КҮНДЕЛІКТІ ТӘЖІРИБЕЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-156-3-46-62Кілт сөздер:
отбасы, гендерлік стереотиптер, отбасылық рөлдер, отбасындағы билік, үй еңбегін бөлу, гендерлік теңдік, отбасы институтының жаңғыруы, патриархалдық билік, ҚазақстанАңдатпа
Мақала Қазақстан отбасындағы нормативтік гендерлік көзқарастар мен нақты рөлдік практика арасындағы алшақтықты әлеуметтанулық талдауға арналған. Теориялық негіз гендерді күнделікті қайта жаңғыртылатын практика (doing gender) ретінде түсінуге және үй еңбегінің «екінші ауысымы» тұжырымдамасына сүйенеді. Жұмыстың эмпириялық негізін үш зерттеудің дерегі құрады: «Қазақстан отбасылары», N=3 000; «Қазақстанның әртүрлі саласындағы гендерлік стереотиптер», N=2 400; «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қазақстандық отбасы», N=802. Үш зерттеудің деректерін кросс-кестелеу (cross-tabulation) әдісі негізінде талдай отырып, авторлар отбасындағы билік, көшбасшылық туралы түсініктер мен тұрмыстық үй еңбегін нақты бөлу патриархалдық үлгіні қайта жаңғыртатыны, ал жарияланатын құндылықтар мен үй шаруасына қатысты нормативтік күтулер эгалитарлық идеалға ұмтылатыны анықтады. Көзқарастардағы алшақтық ең алдымен респонденттің жасына емес, жынысына қарай байқалады. Ерлер отбасының басшысы сол үйдің ер азаматы (жолдасы) болуы керек деп әйелдерге қарағанда шамамен екі есе жиі санайды, сондай-ақ басшы рөлін ерлер жақсырақ атқарады деген пікірмен жиі келіседі. Үш зерттеуді салыстыру Қазақстандағы отбасы институтының жаңғыруын асинхронды процесс ретінде сипаттауға мүмкіндік береді – мұнда декларациялардың өзгеруі практикалардың өзгеруінен ілгері жүреді және басқа постсоциалистік және батыстық емес қоғамдардағы өзгерістермен салыстырмалы ұқсас.





