ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ӨЛШЕМІНДЕГІ СПОРТТЫҢ ОРНЫ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-154-1-119-132Кілт сөздер:
жастар, спорт, цифрлық енжарлық, цифрлық хабитус, ниет пен іс-әрекет алшақтығы, салауатты өмір салты, гендерлік мотивацияАңдатпа
Қазіргі қоғамда жастардың әлеуметтік мінез-құлқы мен өмірлік басымдықтарының өзгеруі ғылыми зерттеудің өзекті нысанына айналып отыр. Ұсынылып отырған мақала 18–25 жас аралығындағы қазақстандық жастардың құндылықтар жүйесіндегі спорт пен дене мәдениетінің орнын әлеуметтанулық тұрғыдан кешенді талдауға арналады. Зерттеу аясында жастардың спортты декларативті қолдауы мен нақты физикалық белсенділігі арасындағы алшақтықтың әлеуметтік-құрылымдық, мәдени және мотивациялық детерминанттары зерделенді. Жұмыс сандық және сапалық әдістерді ұштастыру негізінде жүзеге асырылды: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының (2023) деректеріне қайталама талдау жүргізіліп, Алматы мен Астана қалаларының жастарымен тереңдетілген сұхбаттар (n=15) өткізілді. Зерттеу нәтижелері қалалық респонденттердің басым бөлігі спортты маңызды өмірлік құндылық ретінде танығанымен, тұрақты жаттығатындар үлесінің мәлімделген ұстаныммен салыстырғанда едәуір төмен екенін айқындады. Сапалық талдау барысында уақыт тапшылығы, экономикалық қолжетімсіздік, цифрлық енжарлық және медиа-индустрияның психологиялық қысымы ниеттің нақты іс-әрекетке ұласуын тежейтін басым факторлар ретінде анықталды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы «ниет пен іс-әрекет алшақтығы» феноменін отандық эмпирикалық материалдар арқылы негіздеуде, сондай-ақ символдық капитал, жоспарланған іс-әрекет және цифрлық хабитус ұғымдарын біріктіретін интегративті аналитикалық тәсілді қолдануымен сипатталады.






