ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖЫНЫСТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ: БІЛІМІ, ҰСТАНЫМЫ МЕН КЕДЕРГІЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-154-1-99-118Кілт сөздер:
жыныстық сауаттылық, жасөспірімдер, гендерлік ерекшелік, әлеуметтік ке, ата-ана және мектеп, ақпарат көздеріАңдатпа
Зерттеу мақсаты – мектеп ортасындағы жыныстық сауаттылық мәселелеріндегі жасөспірімдердің білімін, көзқарасы мен тәжірибесін, сондай-ақ жыныстық сауаттылықты дамыту мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтайтын факторларды кешенді зерделеу. Зерттеу сандық және сапалық әдістерді қамтыды. Сандық сауалнама тақырыпты талқылауда жасөспірімдердің хабардарлық деңгейін, ақпарат көздерін және талқылаудың ашықтық дәрежесін анықтауға мүмкіндік берсе, педагогтермен, ҮЕҰ өкілдерімен, медицина және мемлекеттік қызметкерлермен сапалы интервью әлеуметтік-мәдени, институционалдық және әлеуметтік кедергілерді тереңірек түсінуге, сондай-ақ жыныстық сауаттылықты түсіндіруде қолайлы формалар мен мазмұнды анықтауға көмектесті.
Сандық талдау кросс-секциялық дизайнға негізделді және анонимді сауалнама түрінде жүргізілді. Сауалнама 22 сұрақты қамтыды, олар негізгі сегіз тақырыптық блокқа топтастырылды: хабардарлық деңгей, ақпарат көздері, талқылаудың ашықтығы, жыныстық сауаттылықты мектепте оқытуға көзқарас, өзара байланыс тәжірибесі мен кедергілері, ақпараттандырудың маңыздылығы, білімдер мен түсініктер деңгейі, қорытынды тұжырымдар. Зерттеуге барлығы 100 жасөспірім қатысты. Іріктеме қолжетімділік қағидаты бойынша құрылып, негізінен қалалық респонденттерді (88%) қамтығандықтан, алынған нәтижелерді Қазақстанның барлық жасөспірімдеріне жалпылау дәрежесі шектеулі. Деректерді өңдеу Excel және Jamovi 2.6.44 бағдарламаларында сипаттамалық статистиканы қолдана отырып іске асырылды.
Сапалық талдау барысында деректерді жинау үшін жартылай құрылымдалған сұхбат әдісі қолданылды. Ол жыныстық сауаттылықты қабылдау мен оған қарсы тұрудың әлеуметтік-мәдени аспектілері, білім беру жүйесінің институционалдық дайындығы, сондай-ақ сыртқы жағдайлар мен жүйелік факторлар секілді тақырыптық блоктарды қамтыды. Зерттеуге үкіметтік емес ұйым, білім беру саласының орталық органдары өкілдерінен, педагогтер, дәрігерлер, медицина қызметкерлерінен барлығы 19 адам қатысты. Деректер транскрипцияланып, кодталып, тақырыптық талдау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижелер жасөспірімдердің жыныстық сауаттылығы туралы негізгі ақпарат көзі әлеуметтік медиа болып қала беретінін, ал ата-аналар, педагогтер мен медицина қызметкерлерінің рөлі шектеулі екенін көрсетті. Талқылаудағы кедергілер мәдени көзқарастармен (ұят), ата-аналардың қарсылығымен және мектептерде институционалдық қолдаудың болмауымен байланысты. Жасөспірімдер отбасы, мектеп және мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа негізделген жыныстық сауаттылықтың жүйелі және мәдени бейімделген моделіне үлкен қажеттілік білдіреді.






