Посткеңестік елдердің әлеуметтік ғылымдарындағы гендерлік зерттеулердің библиометриялық талдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-150-1-87-108

Кілт сөздер:

гендер, әлеуметтік ғылымдар, посткеңестік кезең, библиометриялық талдау

Аңдатпа

Посткеңестік елдердегі ғылыми мақалалар мен зерттеулердің барысын жүйелі түрде талдауға деген қызығушылықтың жылдам артуына қарамастан, бұл елдерде гендерлік зерттеулердің қалай дамып келе жатқаны туралы білім әлі де мардымсыз. 1993–2021 жылдар аралығында Web of Science Core Collection дерекқорында индекстелген 2822 жарияланымды библиометриялық тәсіл мен метадеректерді пайдалана отырып, бұл зерттеу посткеңестік елдердегі гендерлік зерттеулердің дамуын түсіндіруге бағытталған. Бұл жұмыс Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, әсіресе 2017 және 2021 жылдар аралығында гендерлік зерттеулер мен жарияланымдардың айтарлықтай өскенін анықтады; дегенмен, посткеңестік елдердің халықаралық гендерлік зерттеулерге қосқан үлесі мардымсыз болып қала береді. Гендерлік зерттеулер бойынша посткеңестік мемлекеттер арасында Ресей, Эстония және Украина көш бастап тұр, ал Қазақстан мен Қырғызстанды қоспағанда, Кавказ және Орталық Азия елдері азырақ үлес қосады. Посткеңестік зерттеушілер арасындағы зерттеу ынтымақтастығы артып келе жатқанымен, зерттеушілер негізінен өз елдері мен өздері қызмет істейтін мекемелердегі авторлармен жұмыс істейді, ал өз елінен тыс посткеңестік мемлекеттерде немесе халықаралық деңгейде жұмыс істейтін авторлардың саны өте аз. Посткеңестік гендерлік зерттеулердегі жарияланымдар ауқымы әртүрлі тақырыптарды қамтиды, мақалалардың көпшілігі психология және мінез-құлық ғылымдары саласында жарияланған, ал социологиялық және саяси экономикалық пәндердегі гендерлік зерттеулер әлі де даму үстінде.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Посткеңестік елдердің әлеуметтік ғылымдарындағы гендерлік зерттеулердің библиометриялық талдауы . (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 150(1), 87-108. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-150-1-87-108

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 41

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.