Қазақстандағы жастар арасында спорттың қолжетімділігі мәселесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-150-1-109-122

Кілт сөздер:

спорт, жастар, бұқаралық спорт немесе «баршаға арналған» спорт, дене шынықтыру, спорттық іс-шаралар, спорттың қолжетімділігі, спортпен шұғылдану, физикалық денсаулық, психикалық денсаулық, спортпен айналысу құқығы

Аңдатпа

Мақала авторлары ерекше әлеуметтік топ ретінде жастардың арасында қазіргі Қазақстандағы спорт саласының жағдайын және  жастар арасында спорттың қолжетімділік мәселесін талдайды. Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының стратегиялық маңызды бағыттарының бірі, сонымен қатар еліміз өзінің мемлекеттік және әлеуметтік дамуында белсенді және өсіп келе жатқан халықтың салауатты өмір салтын және спорттық амбицияларын қалыптастыру үшін дене шынықтыру мен спортты дамытуға басымдық береді. Жастарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын ұстануға құштарлықты тәрбиелеу барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар жұмысының басым бағыттарына жатады. Жастар заманауи қоғамның қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай әсер ететін маңызды әлеуметтік топ ретінде қарастырылады. Жастардың қалыптасуы мен дамуы негізгі әлеуметтік институттар шеңберінде жүзеге асады, оның ішінде дене шынықтыру және спорт институтының алатын орны ерекше. Қазіргі таңда спорт әлемде маңызды рөл атқарады, оны тұлғаның дамуына белсенді әсер ететін адам қызметінің негізгі түрлерінің бірі ретінде қарастыруға негіз бар. Спорт адам құқығы және әрбір адамның денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ол сондай-ақ қоғамның жалпы қабылданған стандарттары мен құндылықтары тұжырымдамасында жоғары рөл атқарады.

Бұл мақалада Қазақстандағы  жастар арасында спорттың дамуы мен қолжетімділігіне талдау жүргізіледі. Жастарды жүйелі спортқа тартудың қол жеткізген және жоспарланған сандық көрсеткіштері қарастырылған. Қазақстандағы жастар арасында спорттың қолжетімділігі мәселесіне талдама жасалған, спорттың қолжетімділігін дамытуға және онымен айналысуға кедергі келтіретін негізгі себептер зерделенеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақстандағы жастар арасында спорттың қолжетімділігі мәселесі. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 150(1), 109-122. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-150-1-109-122

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 19

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.