Мәдениетаралық некелер және әлеуметтік бейімделу: шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан қазақстандық әйелдердің онлайн репрезентациясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-133-144

Кілт сөздер:

мәдениетаралық неке, қазақстандық әйелдер, көші-қон, гендерлік аспект, жаһандану

Аңдатпа

Бұл мақалада шетелдегі қазақстандық әйелдердің мәдениетаралық некеге отыру үрдістеріндегі негізгі ерекшеліктері мен себептері қарастырылады. Қазақстандық әйелдердің шетел азаматтарымен некелесу үрдісі жыл өткен сайын артып келеді. Қазіргі таңда мәдениетаралық некелердің көбеюі дамыған замандағы көші-қон саласының әлемдік деңгейде артуымен тығыз байланысты.

Қазақстандық әйелдердің шетелдіктермен некелесуі, қазіргі қоғам үшін маңызды құбылыстардың бірі, алайда бұл тақырып ғылыми тұрғыда жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Қазақстандық әйелдердің шетел азаматтарымен мәдениетаралық некеге отыруы – олардың этникалық, мәдени және гендерлік рөлдерінің өзгеруі тұрғысынан маңызды зерттеу алаңы болып табылады.

Мақаланың мақсаты – шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан қазақстандық әйелдердің әлеуметтік желідегі өзін-өзі көрсету ерекшеліктері, олардың өзіндік репрезентациясы, әлеуметтік рөлдері және мәдени бейімделу ерекшеліктерін контент-талдау әдісі арқылы анықтау.

Зерттеуде әлеуметтік желіде шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан қазақстандық әйелдердің парақшаларына сапалы контент-талдау әдісі – эмпирикалық құрал болды. Бұл зерттеу олардың әлеуметтік желідегі шынайы бейнесін, өмірлерінде ұстанатын құндылықтар мен әлеуметтік нормаларын, жаңа мәдени ортаға бейімделуіндегі ерекшеліктерді сипаттауға бағытталған.

Зерттеу нәтижелері әлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіріліп, трансұлттық неке институтының қазақ қоғамындағы рөліне баға беріліп, мәдениетаралық некеге отыруға негіз болатын факторлар анықталды, атап айтқанда көші-қон, еңбек миграциясы, білім алу мақсатында шетелге кету, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-17

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мәдениетаралық некелер және әлеуметтік бейімделу: шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан қазақстандық әйелдердің онлайн репрезентациясы. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 151(2), 133-144. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-133-144

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 14

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.