Жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыру: белсендіру саясаты және мотивациялық стратегиялар
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-114-132Кілт сөздер:
жұмыссыздар, әлеуметтік қорғау, жандандыру саясаты, қызметкер – жұмыс ізденушінің өзара іс-қимылы, мотивациялық стратегияларАңдатпа
Әлеуметтік жәрдемақы алушылардың жұмысқа орналасудағы міндеттемелері мен жеке жауапкершілігін арттыруға байланысты белсендіру саясаты қазақстандық әлеуметтік қорғау жүйесінде дәйекті түрде енгізілуде. Дегенмен де, бұл саясат белгілі бір заңнамалық және институционалдық шаралармен байланысты болғанымен, оны күнделікті жұмыс барысында және жұмыс іздеушілермен өзара іс - қимыл арқылы «алдыңғы қатарда» тұрған әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері жүзеге асырады. Жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыру үшін мамандар қолданатын мотивациялық стратегиялар шетелде кеңінен зерттелген, бірақ қазақстандық зерттеулерде назардан тыс қалып отыр. Осы зерттеудің мақсаты - қазақстандық тәжірибеде жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттырудың мотивациялық стратегияларын зерделеу болды. Еңбек ұтқырлығы орталығының қызметкерлерімен (N = 12) терең сұхбат және олардың жұмыс іздеушілермен өзара іс - қимылы үшін құрылымдық бақылау (n = 32) жүргізілді. Сапалық және сандық деректерді талдау ең көп таралған стратегиялар келесілер екендігін көрсетті: табысқа жету мотивациясын қалыптастыру; эмпатия және сенімді қарым - қатынастар. Сондай - ақ, қызметкерлер өзін - өзі тануға ынталандыру стратегиясын, сыйақы мен санкцияларды, көзқарасты жеткізуді, жұмыс іздеушілердің сенімін түзетуді және қызметкер - жұмыс іздеуші қатынастарындағы иерархияны бұзуды қолданады. Табысты мотивациялық стратегиялардың маңызды шарты – бұл жұмыс іздеушілердің сұраныстарына негізделген жеке көзқарас. Бұл уақытта мотивациялық стратегияларды қолдану интуитивті және патерналистік қатынастармен байланысты. Зерттеу нәтижелері Қазақстанда жұмыспен қамту саясатын имплементациялаудың тиімділігін арттыру үшін қолданылуы мүмкін.