ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА БАҒЫТТАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗ ОЙЛАРЫН ЖЕТКІЗУ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-154-1-84-98Кілт сөздер:
өз ойын жеткізу құндылықтары, постматериалистік құндылықтар, модернизация теориясы, әлеуметтік-экономикалық даму, азаматтық қоғамАңдатпа
Қазақстан азаматтарға бағдарланған мемлекеттік басқару реформаларын белсенді жүргізіп жатыр және ол қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты кеңейтуге бағытталған. Азаматтарға бағытталған мемлекеттік басқару өз ойын жеткізе алатын азаматтардың мүддесіне негізделген және азаматтардың мемлекеттік басқарудағы шешімдерді қабылдауға белсенді қатысуын талап етеді. Азаматтар қоғамдық кеңестер, жергілікті қауымдастық жиналыстары, қатысушылық бюджеттеу және басқа да цифрлық платформалар арқылы мемлекеттік басқаруға қатыса алады. Бұл зерттеуде өзін-өзі көрсету құндылықтары постматериалистік құндылықтар арқылы көрсетіледі. Зерттеудің мақсаты — Қазақстан азаматтары арасындағы постматериалистік құндылықтарға әсер ететін факторларды зерттеу және оған қатысты әдебиетке сүйене отырып, жан-жақты зерделеу. Постматериализм мен әртүрлі факторлар арасындағы байланысты зерттеу үшін регрессиялық талдау әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижелері экономикалық қауіпсіздік пен әлеуметтену сияқты факторлар постматериалистік құндылықтарға әсер ететінін көрсетеді. Модернизация теориясына қайшы, Қазақстанда қалада тұру постматериалистік құндылықтармен теріс байланысы анықталды. Кейбір посткеңестік контексттерде жүргізілген зерттеулер қалалық өмірдің экономикалық қысыммен, әлеуметтік теңсіздікпен және жоғары өмір сүру шығындарымен байланыстырады, бұл материалистік алаңдаушылықты күшейтеді және өзін-өзі көрсету құндылықтарын азайтады. Бұл зерттеу Қазақстандағы саяси мәдениет пен мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулерге орасан зор үлес қосады.






