Жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауларына әсер ететін факторлар: әлеуметтанулық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-150-1-158-173

Кілт сөздер:

жоғары сынып оқушылары, кәсіби қалау, кәсіби траектория, кәсіби бағдар жұмыстары, мамандық, мамандық таңдау, фактор

Аңдатпа

Мақалада жоғары білім алу стратегиясының басты қадамы болып саналатын жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалаулары мен оған әсер ететін факторлар талданады. Оқушылардың кәсіби қалаулары мен болашақ кәсіби траекторияларын құру мәселесі бүгінгі күні өзекті. Себебі, дұрыс қабылданбаған шешім олардың болашақта мамандық бойынша жұмысқа орналаспауы мен жұмыссыздыққа әкелеуі мүмкін.

Мақаланың теориялық маңыздылығын оқушылардың кәсіби қалаулары ұғымына теориялық талдау мен түрлі теориялық тұжырымдар құрайды. Зерттеудің практикалық құндылығы мектеп әкімшілігі мен осы мәселе бойынша қызығушылық танытқан мамандарға жоғары сыныптарда оқушыларға тиімді кәсіби бағдар беру жұмыстарының бағдарламасын жасау мен мониторинг жұмыстарын жүргізу үшін ұсыныстар әзірлеумен сипатталады.

Зерттеу нәтижелері 9-шы және 10-шы сыныпта жоғары сынып оқушылары болашақ мамандықты таңдау керектігін білгенімен, кәсіби траекторияларын анықтамаған, нақты және соңғы кәсіби таңдау туралы шешімдерін 11-ші сыныпта жүзеге асыратынын көрсетті. Кәсіби таңдау туралы шешім қабылдауда қала мен ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында айырмашылықтар жоқ. Қалалық мектеп оқушылары ауыл мектеп оқушыларына қарағанда жүйелі түрде кәсіби бағдар беретін орталықтардың кеңестеріне өз бетінше мектептен тыс жүгінеді. Жалпы білім беретін және арнайы мектеп, ауыл және қала мектебі мен гендерлік ерекшеліктері бойынша жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалаулары мен болашақ мамандық таңдауға ықпал ететін факторлар анықталды. Мектеп типі, гендерлік ерекшеліктер мен қала және ауыл мектептері бойынша жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауларына зор ықпал еткен басты фактор ол ата-ана болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауларына әсер ететін факторлар: әлеуметтанулық талдау. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 150(1), 158-173. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-150-1-158-173

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 23

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.