ЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТЕН ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ САЛАСЫНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІНІҢ МОДЕЛЬДЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-172-182

Кілт сөздер:

үкіметтік емес ұйымдар, есірткіге тәуелділік, нашақорлық, оңалту, ұйымаралық өзара әрекеттестік, әлеуметтік интеграция, тәуелділікті емдеу, кейс-стади

Аңдатпа

Осы мақалада Қазақстан Республикасындағы есірткіге тәуелділіктен емдеу және оңалту саласында үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігінің ерекшеліктері қаралады. Зерттеудің өзектілігі – ұйымаралық ынтымақтастықты дамыту есебінен есірткіге тәуелділікпен күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру қажеттілігімен негізделген. Зерттеу мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігінің тетіктерін анықтау және олардың көрсетілетін көмектің нәтижелілігіне әсерін бағалау.

Зерттеудің әдіснамалық негіздемесі – кейс-стади әдісін қолдана отырып, сапалы әлеуметтік тәсіл болып табылады. Зерттеу шеңберінде есірткіге тәуелділіктен емдеудің медициналық және әлеуметтік-оңалту тәсілдерін іске асыратын екі үкіметтік емес ұйымның қызметіне салыстырмалы талдау жүргізілді. Тиімділікті бағалау – қызмет бағыты, нәтижелердің тұрақтылығы және әлеуметтік интеграция деңгейі өлшемшарттары бойынша жүзеге асырылды.

Зерттеу нәтижесінде медициналық тәсілдің қысқамерзімді әсерді қамтамасыз ететіні анықталды, алайда қайталанудың жоғары тәуекелімен сипатталады, ал әлеуметтік-оңалту тәсілі – анағұрлым тұрақты нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді, алайда ұзақ уақыт пен кешенді қолдауды қажетсінеді. Ұйымдар арасындағы үйлестірудің болмауы – олардың қызметінің жалпы тиімділігін төмендететіні белгілі болды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы – үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігі нысандарын жүйелеу мен ұйымаралық ынтымақтастық шеңберінде медициналық және әлеуметтік тәсілдерді интеграциялау қажеттілігін негіздеу. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – Қазақстанда есірткіге тәуелділікпен күрес бағдарламаларын әзірлеу кезінде берілген ұсынымдарды пайдалану мүмкіндігінен тұрады. 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТЕН ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ САЛАСЫНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІНІҢ МОДЕЛЬДЕРІ. (2026). Gumilyov Journal of Sociology, 155(2), 172-182. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-172-182

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 67

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.