ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӨПТІЛДІЛІККЕ КӨЗҚАРАСЫ: ФОКУС-ТОП НӘТИЖЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-89-105

Кілт сөздер:

көптілділік, әлеуметтік лингвистика, тіл саясаты, мұғалім, көпмәдениетті білім, тілдік идеология, ұлттық бірегейлік

Аңдатпа

Қазақстанда көптілді білім беру күн тәртібінен түскен жоқ. Бірақ бұл саясаттың мектеп ішіндегі нақты жағдайы негізінен мұғалімнің күнделікті тәжірибесіне барып тіреледі. Қағаз жүзінде үштілділік қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар дамытуға бағытталған жүйе ретінде көрінеді. Ал тәжірибеде «көптілділік нәтижесі қандай?», «оқушы қай тілді қалай қабылдайды?», «мұғалім қай әдісті тиімді көреді?», «оқулық осы міндетті көтере ала ма?», «ата-ана бұл үдеріске қалай араласады?» деген сұрақтармен қатар мұғалімнің жеке ұстанымының көптілдікке қатынасы да - өзекті.

Мақалада Қазақстандағы көптілді білім беру саясатының мектеп мұғалімдері тарапынан қалай қабылданатыны әлеуметтік-лингвистикалық тұрғыдан талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – үштілді білім беру жағдайында педагогтардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің білім беру кеңістігіндегі орны мен оның нәтижесіне, оқыту әдістемесіне, оқулық сапасына және тілдік саясаттың практикада орындалуына қатысты көзқарастарын анықтау. Зерттеудің эмпириялық негізін Астана қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі мен «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының»  22 ұстазы қатысқан екі фокус-топтық дискуссияның материалдары құрады. Мұғалімдердің пікірлері мазмұндық-категориялық талдау әдісі арқылы өңделіп, тілдік басымдықтар, көптілді оқытудың әдістемелік мүмкіндіктері, оқулық пен оқу бағдарламасына қатысты қиындықтар, ата-ананың білім беру үдерісіндегі рөлі және ұлттық бірегейлік мәселесі бағыттары бойынша жүйеленді.

Зерттеу үштілді білім беруді іске асырудағы жүйелі кедергілер мен әлеуметтанулық талдауды талап ететін концептуалды мәселелер легі бар екенін және осы арқылы мұғалімдердің азаматтық ұстанымдарын көрсетеді. Автор оқулық мазмұны, грамматикалық және мәтіндік материалдардың сапасы, оқушылардың тілдік деңгейі және ата-аналардың мектептегі әдістемеліктерге сыни көзқарасынан туындайтын шиеленістер әлеуметтік-тілдік қатынастар алаңында жаңа құбылыстардың орын алуына түрткі болатынын назарда ұстайды. Нәтижесінде көптілділік тек бірнеше тілді меңгерту құралы ретінде емес, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік теңдік, мәдениетаралық коммуникация және педагогикалық тәжірибе тоғысындағы күрделі құбылыс ретінде қарастырылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӨПТІЛДІЛІККЕ КӨЗҚАРАСЫ: ФОКУС-ТОП НӘТИЖЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ. (2026). Gumilyov Journal of Sociology, 155(2), 89-105. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-89-105

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 62

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.