КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТУДЕ?
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-152-3-64-71Кілт сөздер:
сәйкестілік, ескерткіштер, примордиалистік байланыстар, «қиялдағы қауымдастық», радикалды конструктивистер, минималды конструктивистер, ұлт және ұлтшылдық, мемлекет құру процесіАңдатпа
Бұл мақала Қазақстандағы этникалық сипаттағы мемлекет құру үдерісінде ескерткіштердің рөлін талдауға арналған. Зерттеу еліміздің облыс орталықтарында 1991–2019 жылдар аралығында орнатылған 226 ескерткішті қамтитын мәліметтер базасына негізделген. Негізгі назар аударылатын мәселе – қандай тарихи тұлғалар өз жүздері мен руларының туған өңірлерінен шығып, ұлттық нышанға айналады? Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ескерткіштердің басым көпшілігі кеңестік кезең тұлғаларына немесе кеңестік дәуірде символдық мәнге ие болған тұлғаларға арналған. Бұл жағдай кеңестік мемлекет құру жобасының — батырлардың бірыңғай пантеонын қалыптастыру арқылы жалпыұлттық бірегейлікті орнықтыруға бағытталған — ықпалының әлі де жалғасып жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, өңірлерде жергілікті ерекшеліктер мен тайпалық бірлестіктерді бейнелейтін, өз жүздері мен руларының өкілдерін мәңгі есте қалдыру тәжірибесі де сақталған. Осылайша, ескерткіштер орталық билік пен жергілікті элиталар мүдделерінің түйісетін символдық саясат аренасына айналады. Қорытындылар символдық саясаттың қосарлы сипатын айғақтайды: бір жағынан, ескерткіштер ұлттық интеграция құралы бола алады, ал екінші жағынан, жершілдік пен тектік жіктелуді күшейтуге де ықпал етуі мүмкін.