ІРІ ҚАЛАЛАРДАҒЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАҒДАРЫСТАРЫ: САПАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-7-25

Кілт сөздер:

әлеуметтік төлем, әлеуметтік қолдау, дағдарыс, жәрдемақы, көпбалалы отбасы

Аңдатпа

Ірі қалаларда көпбалалы отбасылар әлеуметтік саясат пен отбасыны қолдау контексінде ерекше назар аударуды қажет ететін әлеуметтік топ. Көпбалалы отбасыларға қалалық жерлерде өмір сүру қарқынының жылдам болуы, қымбатшылық, бәсекелестіктің салдарынан бірқатар мәселелер туындап жатады. Зерттеудің мақсаты сапалық зерттеу арқылы осындай отбасыларда туындайтын дағдарыстық жағдайлар мен проблемалар, оларға әсер ететін негізгі факторларды анықтау.
Мемлекеттен тағайындалған әлеуметтік жәрдемақылар көпбалалы отбасылар үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақсаруына, кедейлік қаупінің төмендеуіне ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері бойынша көпбалалы отбасыларға бағытталған әлеуметтік қолдау жүйесін (ақшалай төлемдерді) қосымша ұлғайту немесе көпбалалы отбасылардағы ата-аналардың жұмысбастылығын арттыруды қажет етеді. Мәліметтерді талдау барысында, көпбалалы отбасыларда жұмыспен қамтылудың «ер адам» үлгісі айқындалды. Демек, отбасыда тек ер адам еңбек етіп, отбасының табыс көзі ер адамның жалақысы болады. Соның салдарынан көпбалалы отбасылардың көпшілігінің табыс деңгейі төмен. Қалалық жерлерде тұратын көпбалалы отбасыларда психологиялық дағдарыс орын алатынын көрсетті. Көпбалалы аналардың психологиялық күйзеліс деңгейі мен депрессиялық жағдайы балалары аз аналарға қарағанда едәуір жоғары. Осыған байланысты қолдау шарасы ретінде осы санаттағы әйелдерге мамандандырылған көмек көрсетілетін арнайы қолдау топтарын құру ұсынылады. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларға бейімделген әлеуметтік бағдарламалар мен арнайы төлемдердің тиімділігін арттыру үшін кешенді әлеуметтік қолдау жүйесін қайта қарастыруды талап етеді. 
Зерттеудің практикалық құндылығы көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың тиімді стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеу үшін сараптамалық және институционалдық деңгейде пайдалы болуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-18

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ІРІ ҚАЛАЛАРДАҒЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАҒДАРЫСТАРЫ: САПАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 153(4), 7-25. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-7-25

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 36

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары