Қазақстандық жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы этиканы қалыптастыру: медиаәлемінің ықпалы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-41-53

Кілт сөздер:

жастар, этика, сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика, ұстанымдар, медиа, әлеуметтік зерттеу

Аңдатпа

Мақалада жас қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлық жағдайларына мінез-құлықтық реакциясы арқылы бұл құбылыстың моральдық қырын зерттеуге мүмкіндік беретін көзқарастары сипатталады. Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы этиканы зерттеу Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығымен бірлесіп жүргізілген ұлттық сауалнама нәтижелеріне негізделген. Бұл сауалнама қоғамдағы жемқорлықты қабылдау деңгейі мен азаматтардың адалдық әлеуетін бағалауға бағытталған. Зерттеу нәтижелері респонденттердің басым бөлігінің сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқараста екенін көрсетті. Сондай-ақ, олар парақорлыққа түбегейлі қарсы болып, сыбайлас жемқорлық жеке және кәсіби дамуға елеулі кедергі келтіреді деп есептейді. Зерттеу нәтижесінде өскелең ұрпақтың көпшілігінің моральдық бағдарлары сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарды қолдайтыны анықталды. Осыған байланысты жастардың жалпы адамгершілік құндылықтары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен ықпалы ерекше қызығушылық тудырады. Мақалада медиа құралдарының халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика мен мінез-құлықты дамытудағы мүмкіндіктері талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-17

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақстандық жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы этиканы қалыптастыру: медиаәлемінің ықпалы. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 151(2), 41-53. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-41-53

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 29

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.