Мемлекеттің әлеуметтік наразылықтарға реакциясы: азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы диалог динамикасын зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-90-101Кілт сөздер:
құрылымдық саясат, азаматтық қоғам, масс-медиа, саяси мәдениет, қоғамдық сенім, саяси динамика, видео анализ, контент-анализАңдатпа
Қарсылық көбінесе қоғамдағы наразылық пен қиындықтарды көрсетеді, азаматтар тап болған қоғамдағы мәселелер мен қиындықтарды айқындайды. Бұл наразылықтарға жауап ретінде билік бірнеше жолды таңдауы мүмкін. Олар наразылық ұйымдастырушыларымен және наразылық білдіруші топтардың өкілдерімен диалогқа кірісуі мүмкін. Бұл олардың мәселелерін тыңдау, мүмкін шешімдер бойынша келіссөздер жүргізу және наразылықтардың түпкі себептерін шешуге арналған саясаттық өзгерістер енгізуді қамтиды. Сонымен қатар, билік өкілдері қарсылықты басу үшін репрессивті шараларға жүгінуі мүмкін, мысалы, қауіпсіздік күштерін жұмылдырып, демонстранттарды тарату, коменданттық сағат енгізу немесе жиналу еркіндігін шектеу сияқты.
Бұл зерттеу 2019 жылғы президенттік сайлаудан кейінгі Қазақстандағы әлеуметтік қарсылыққа биліктің жауабын талдауға арналған. Орталық Азиядағы, әсіресе Қазақстандағы қарсылықтарға арналған бұрынғы зерттеулер көбінесе наразылық себептеріне, негізгі акторларға және әлеуметтік мобилизацияға кедергі келтіретін мәселелерге назар аударған болса, бұл зерттеу өзгеше тәсілді қолданады. Президенттің сөйлеген сөздеріне контент-анализ және қарсылықтардың бейнеанализін пайдаланып, мемлекеттің қарсылыққа реакциясын түсінуге арналған. Зерттеу нәәтижелері мемлекеттiң қарсылыққа бағытталған алғашқы щұғыл жауабы құқықтық шектеулермен, басу шараларымен сипатталатынын көрсетеді. Ал ұзақ мерзімді перспективада мемлекет наразылық жасаушылардың әлеуметтік-экономикалық талаптарын қанағаттандыру үшін диалог орнатуға және оларды есепке алуға тырысады.
Зерттеу Қазақстандағы мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы күрделі және дамып келе жатқан қарым-қатынасты көрсетеді. Талданған наразылық шараларына мемлекеттің жауабы жағдайдың нақты сипатына және қарсылық жасаушылар тудыратын қауіп деңгейіне байланысты бейімделген және репрессивті шараларды қамтиды. Бұл тәсіл мемлекетке жағдайды бақылауда ұстап, қоғамның мәселелерін шешу үшін диалог пен келіссөздер жүргізуге дайын екендігін көрсетуге мүмкіндік берді.






