Қазақстандағы институттарға сенімнің негіздері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-102-113

Кілт сөздер:

институционалдық сенім, мемлекеттің тиімділігі, мәдениет, авторитарлық құндылықтар, әлеуметтік сенім

Аңдатпа

Қазақстанда соңғы он жылда азаматтардың, әсіресе, Парламентке, сотқа және ұлттық үкіметке институттық сенімінің төмендеуі байқалады. Оған әсер ететін факторларды зерттеу қажеттілігі бар. Бұл мақала азаматтардың үкіметтің қызметіне бағалау және мәдени факторлар институционалдық қызметке қалай әсер ететінін зерттеуге бағытталған. Осы мақсатта Дүниежүзілік құндылықтар сауалнамасының 7-ші толқынынан алынған деректер пайдаланылады. Институционалды сенім ұғымы азаматтардың Қазақстан Парламентіне, сот жүйесіне және үкіметке деген сенімімен өлшенеді. Мемлекеттің тиімділігін өлшеу үшін бұл зерттеуде сыбайлас жемқорлықты, табыс теңсіздігін, саяси жүйенің жұмысына қанағаттану және жеке деңгейдегі үй шаруашылығының қаржылық жағдайына қанағаттану сияқты факторлар қолданылады. Мәдени факторларды өлшеу үшін ұлттық мақтаныш, билікті құрметтеу және әлеуметтік сенім ұғымдары қолданылады. Зерттеу нәтижесі Қазақстандағы азаматтардың саяси жүйенің жұмысына қанағаттануы институционалдық сенімге оң әсер ететінін көрсетеді. Яғни азаматтар саяси жүйенің жұмысына қанағаттануы олардың сот жүйесіне, Парламентке және үкіметке деген сенімін арттырады. Керісінше, азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың бар екенін сезінуі аталған үш институтқа деген сенімді төмендетеді. Мәдени факторларға қатысты ұлттық мақтаныш үш институтқа деген сенімді арттырады. Осы нәтиже негізінде бұл зерттеу азаматтардың Ұлттық үкіметке, Парламентке және сот жүйесіне сенімін қалай арттыру қажеттігі туралы ұсыныстар жасайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-17

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақстандағы институттарға сенімнің негіздері. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 151(2), 102-113. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-102-113

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 17

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.