ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАСТАР: ИКЕМДІ КӘСІБИ ЖОЛДАР МЕН БЕЙРЕСМИ ОҚЫТУДАҒЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-72-88Кілт сөздер:
акторлар, еңбек нарығының трансформациясы, бейресми білім беру, кәсіби тұрақтылық, жұмыспен қамту, икемді дағдылар, жас мамандарАңдатпа
Цифрландыру, жасанды интеллекттің дамуы және белгісіздіктің артуы жағдайында еңбек нарығының трансформациясы жүріп жатыр. Мұндай жағдайда жас мамандардың бейімделгіштігі мен кәсіби тұрақтылығы ерекше маңызды болуда. Бұл мақала түрлі экономикалық секторлар өкілдерімен жүргізілген сараптамалық сұхбаттарға негізделген. Зерттеудің мақсаты – жастардың кәсіби тұрақтылығын айқындайтын негізгі факторларды анықтап, соған сәйкес факторлық модельді құрастыру.
Талдау жас мамандардың кәсіби траекториялары мен еңбек нарығының құрылымын қалыптастыруда жұмыс берушілердің белсенді рөліне бағытталған. Қазіргі таңда жұмыс берушілер тек жоғары білім жүйесінде белгілі бір дағдылар мен қасиеттерге сұраныс қалыптастырып қана қоймай, оларды дамытуға да белсенді араласады. Бұл үдеріс бейресми білім берудің мобильді форматтары - тәлімгерлік, ішкі оқыту бағдарламалары мен сыртқы курстарды қолдау арқылы іске асады. Мұндай тәжірибелер еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыратын талаптарына жас мамандарды жедел әрі мақсатты бейімдеудің тәсілі ретінде қолданылады.
Жинақталған деректер еңбек нарығының күтулері мен жас мамандардың нақты құзыреттері арасында құрылымдық алшақтықтар бар екенін көрсетеді. Зерттеуде бейресми оқыту жолдарына және олардың еңбек нарығына кіріктірілудегі кедергілерді төмендетудегі рөліне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы коммуникация арналары қарастырылады. Сонымен қатар, кәсіби дамудың инфрақұрылымында бейресми білім беру провайдерлерінің жаңа акторлар ретінде маңызы артып келе жатқаны байқалады. Икемділік, мазмұн және дайындық сапасының теңгерімді үйлесімі - әртүрлі білім беру акторларының қатысуымен - жас мамандарды қазіргі заманғы кәсіби ортаға табысты кіріктірудің басты шартына айналуда.






