Ажырасудың әлеуметтік-экономикалық салдарына қатысты зерттеу жұмыстарына әдеби шолу
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-150-1-75-86Кілт сөздер:
неке, ажырасу, ажырасқан әйелдер, балалар, ажырасуды гендерлік талдау, ажырасудың әлеуметтік-экономикалық салдары, толық емес отбасы, ажырасқан отбасы, әйелдер мен балалар әл-ауқаты, әйел басқаратын үй-шаруашылығы, кедейлік феминизациясыАңдатпа
Ажырасу некенің құлдырау салдарынан туындайтын заңды процесс. Дегенмен, ажырасу салдары бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Әлеуметтік ғылымда неке, отбасы институты туралы білім, ғылыми таным анық және нақты болғанымен, ажырасуға қатысты түсініктер, ғылыми танымдар әлі де болса анық емес. Негізінде неке, отбасы, үй-шаруашылығы түсініктеріне қарағанда «ажырасу» түсінігі қоғамдық таңбалауға көп ұшыраған, сондықтан болар қазірдің өзінде ажырасуға қатысты бір жақты (көбінде негативті) пікірлер әлі де жалғасуда. Неке институт ретінде қалай өзгеріп отырса, ажырасу салдары да көптеген өзгерістерге ұшырауда.
Ажырасу салдары тек бұрынғы ерлі-зайыптылардың және ол отбасыдағы балалардың әл-ауқатына, жалпы қоғамға да әсер етуде. Қазақстандық ажырасқан әйелдер мен балалардың жағдайын жақын тану үшін Қазақстандық қоғамдық даму институтының отбасы, неке және ажырасу тақырыптарына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдаймыз. Сонымен қатар, осы мақала шеңберінде біз, қазақстандық неке және ажырасу статистикасындағы динамикаларды және ұлттық санақтың нәтижесінен алынған статистиканы саралаймыз. Мақала мазмұнында, ажырасудың салдарын зерттеудегі шетелдік және отандық әдебиеттерге шолу, тақырып бойынша әдебиеттерді синтездеу нәтижесінде әлемдік деңгейде ажырасу тақырыбы не себептен сирек зерттелетін тақырып екендігін ғылыми сұрақ ретінде көтереміз және бұл жағдайға әсер етуі мүмкін факторларды болжаймыз.