ӘЛЕУМЕТТІК ҚАҚТЫҒЫСТАР ДИНАМИКАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕДИАНЫҢ РӨЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-152-3-72-86Кілт сөздер:
әлеуметтік қақтығыс, медиа, қақтығысты ақпараттық сүйемелдеу, қақтығыс теориясы, қазақстандық ғылыми дискурсАңдатпа
Цифрлық платформалар қоғамдық пікірді қалыптастыру және оған әсер ету тәсілін түбегейлі өзгертті. Этникалық, діни, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық құрамы жағынан алуан түрлі қазақстандық қоғам контексінде медиа ақпарат алмасу құралы ғана болып қана қоймай, сонымен қатар қақтығыс әлеуетіне әсер ететін қуатты факторға айналуда.
Бұл мақала қақтығыс пен әлеуметтік қақтығыстар контексіндегі құрал ретінде медиа феноменіне теориялық көзқарастарды талдауға бағытталған. Зерттеу әдістемесі әдебиеттерді талдауды, жүйелі шолу әдісін, салыстырмалы талдауды қамтиды. Сондай-ақ, зерттеу аясында ғылыми журналдарға/басылымдарға контент-талдау жүргізілді, бұл әлеуметтік қақтығыстар тақырыбын жариялау бойынша қазақстандық ерекшелікті зерделеуге мүмкіндік берді. Талдауға сәйкес, қақтығыс теорияларының эволюциясы ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты классикалық тәсілдерді қайта қарау қажеттілігін көрсетті. Зерттеу нәтижелері әлеуметтік қақтығысты және оның ақпараттық құрамдас бөлігін зерттеу саласындағы теориялық және эмпирикалық базаны қазақстандық ғылыми ортада одан әрі дамыту қажеттілігін анықтады. Осы саладағы зерттеулердің дамуы қақтығыстар динамикасының механизмдерін түсінуді едәуір байытып, оларды басқарудың және жағымсыз салдарын алдын алу жолдарының жаңа тәсілдерін ұсынуға мүмкіндік береді.