МИГРАНТ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУГЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРА ОТЫРЫП, ОЛАРҒА ТУЫНДАЙТЫН ҚАУІПТЕРДІ ГЕНДЕРЛІК ТАЛДАУ

Авторлар

  • Б.Е. Сағындықова Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Автор https://orcid.org/0009-0007-0450-2955

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-152-3-87-101

Кілт сөздер:

мигрант әйелдер, мигрант әйелдердің құқықтары, тұрмыстық зорлық-зомбылық, гендерлік стереотиптер, еңбек миграциясы, абьюзивті қарым-қатынастар, қабылдаушы ел, шыққан елі

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан мен Орталық Азиядағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның қолдауымен және 2024 жылғы шілде-тамыз айларында Норвегия СІМ-нің қаржылық қолдауымен ұйымдастырылған жобаның I кезеңінің нәтижелері келтірілген. Мақала Түркістан облысындағы мигрант әйелдердің өзекті мәселелерін, миграция жағдайындағы гендерлік дискриминацияның  көріністерін, мигранттарды қабылдайтын мемлекеттің  құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту бойынша гендерлік-сенситивтік стратегияларын түзету және құру қажеттіліктерін зерделеуге арналған.  Автор гендерлік негіздегі қылмыстармен күресудің практикалық стратегиялардың және қазіргі жағдайда мигрант әйелдерге арналған мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығын атап көрсетеді.

Жағдайды жан-жақты талдаудан, зерттеу нәтижелерінің тұтастығы мен сенімділігінен тұратын бағалаудың триангуляциясы принципін қамтамасыз ету үшін  кешенді социологиялық зерттеу әдіснамасы қолданылды. Зерттеу әдіснамасы ақпаратты жинау мен талдаудың сандық және сапалық әдістерден  тұрады: мигрант әйелдер арасында сандық сұрау және эксперттік сұрау. Кешенді зерттеу аясында мигрант әйелдер мен эксперттерден – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен,  БАҚ өкілдерінен, қауымдастық көшбасшыларынан сауалнама алынды.

Жобалық зерттеудің І кезеңінің қорытындысы бойынша алынған нәтижелер мигрант әйелдердің әлеуметтік жағдайын,  гендерлік дискриминациялардың сан алуан түрлерінің көріністерін, мүмкіндіктер мен құқықтарды кеңейтудің нақты стратегияларын  талдауға мүмкіндік берді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

МИГРАНТ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУГЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРА ОТЫРЫП, ОЛАРҒА ТУЫНДАЙТЫН ҚАУІПТЕРДІ ГЕНДЕРЛІК ТАЛДАУ. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 152(3), 87-101. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-152-3-87-101

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 43

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.