Балаларға көрсетілетін жыныстық зорлық-зомбылық: әлеуметтік-психологиялық талдау
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-150-1-123-138Кілт сөздер:
жыныстық зорлық-зомбылық, балалардың әлеуметтік оңалуы, жыныстық тәрбие, зорлық-зомбылықтың алдын алу, реабилитацияАңдатпа
Бүгінгі қоғамда балаларға жасалатын жыныстық зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті және ашық түрде талқылауға қиын тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл мақалада – жыныстық зорлық-зомбылықты анықтау, құрбан болған балаларды оңалту және алдын-алу мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттерінің негізгі факторларын анықтап, жәбірленушілерді әлеуметтік оңалту тәжірибесін зерттеу және оларды қолдаудың тиімді әдістерін ұсыну. Зерттеу жұмысы кейс-талдау, сапалық зерттеу, контент-талдау, тақырыптық талдау, дискурстық талдау және салыстырмалы талдау әдістеріне негізделген. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – бұл мәселені кешенді түрде қарастыруда. Мұнда нақты 7 кейс талданып, сарапшылардың пікірлері зерттеліп, жыныстық зорлық көрген балалардың оңалуындағы негізгі кедергілер мен қиындықтар анықталады. Практикалық маңызы – жыныстық зорлық әрекеттерін анықтау, жәбірленуші балаларға көмек көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге, педагогтарға және балалардың ата-аналарына арналған ұсыныстар әзірлеуде. Зерттеу нәтижелері бойынша жыныстық зорлық көрсетуші тұлғалар көп жағдайда баланың жақын ортасындағы адамдар болып табылады. Қоғам мен мемлекеттік жүйе бұл мәселені жүйелі түрде шешуге әлі дайын емес. Жыныстық зорлық көрген балаларды оңалтудың негізгі қиындықтары мен кедергілері анықталынды, оның ішінде стигматизация, мамандандырылған арнайы орталықтардың болмауы және мамандардың кәсіби біліктілігінің жеткіліксіздігі. Бұл зерттеудің үлесі – зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды кешенді жүйелі түрде оңалтудың тиімді стратегиясын әзірлеу, сонымен қатар балаларға өз уақытында жыныстық тәрбие мен мемлекеттік қолдауды енгізу қажеттілігн талдау.