АСТАНАДАҒЫ КҮНДЕЛІКТІ ЭТНИКАЛЫҚ БОЛМЫС: ИНГУШТЕР, ТАТАРЛАР МЕН ДҮНГЕНДЕРДІҢ ОТБАСЫ СТРАТЕГИЯЛАРЫ, ДІНІ ЖӘНЕ ЖАДЫ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-91-108Кілт сөздер:
Астана, күнделікті этникалық өмір, аккультурация, этникалық шекаралар, дін, некелік тәжірибелер, жады.Аңдатпа
Мақалада Астана қаласында ингуштер, татарлар және дүнгендер арасында этникалық болмыстың қалай қалыптасып, сақталатыны талданады. Теориялық шеңбер Дж. Берридің аккультурация, Ф. Барттың «этникалық шекаралар» тұжырымдамасын және күнделікті діндарлық концептісін біріктіреді. Бұған қоса мақалаға исламды отарлық басқару, депортациялар және тың игеру науқанына қатысты тарихи-контекстуалды талдау енгізілген. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, неке тәжірибелері мен некеден кейінгі бірге тұру үлгілері этникалық шекараларды сақтау тетіктерінің өзегін құрайды: ингуштерде эндогамия мен патрилокалдылық (қалалық ортаға тән икемділікпен) қалыпты сипатта болса, татарларда аралас некелерге төзімділік жоғары, ал отбасылық өмірде нуклеарлық автономия басым. Дүнгендерде тығыз эндогамиядан діни шартты сақтай отырып, ашықтыққа беталыс байқалады. Экономикалық нишалар отбасы стратегияларымен және өзара көмек желілерімен тығыз байланысты: ингуштерге құрылыс пен кәсіпкерлік тән; татарлар арасында «мемлекеттік қызмет + сауда/қызмет көрсету» байланысы қалыптасқан; дүнгендерде «Жамбыл – ауыл шаруашылығы / Астана – қызмет көрсету және тамақтану» үлгісіндегі дуалды құрылым басым. Дін, тіл және ас мәдениеті топтық бірегейліктің тұрақты белгілері ретінде сақталса, қалалық институттар (этномәдени орталықтар, жад орындары) түрлі топтарды біріктіргенімен, бұл этникалық шекаралардың жойылуына алып келмейді. Мақалада интеграциялық конфигурациялар басымдығына қарамастан, жергілікті бөлініс ошақтарының да сақталатыны басты назарда. Зерттеу нәтижелері қалалық саясат үшін практикалық ұсыныстармен толықтырылған.






