ПЛАТФОРМАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-161-171Кілт сөздер:
платформалық жұмыспен қамту, гиг-экономика, прекариат, цифрлы еңбек платформалары, әлеуметтік қорғау, еңбек құқықтарыАңдатпа
Платформалық жұмыспен қамту, яғни цифрлық онлайн-платформалар – бүгінде орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасындағы өзара қатынас әрекетін жүзеге асыратын заманауи жаңа еңбек түрі ретінде белгілі. Осы мақала «платформалық жұмыспен қамту» феноменін теориялық және әдіснамалық тұрғыдан зерттеу, талдау мәселелеріне арналған. Аталған мақалада платформалық жұмыспен қамтудың гиг-экономиканың бөлігі негізінде дамуы қаралып, оны ұғыну, түсіну бойынша әр түрлі теориялық тұжырымдар талқыланады. Мақалада платформалық жұмыспен қамтудың қолданыстағы еңбек түрлері типологиясына қалай енетіні және оның дәстүрлі жұмыспен қамту түсініктеріне қандай сын-қатерлер қоятынына ерекше назар аударылады.
Сонымен бірге платформалық жұмыспен қамту саласындағы қазіргі ғылыми пікірталастардың нәтижелері жинақталып, платформалардағы жұмыспен қамтудың түрлі формаларына (жұмысшының құқықтық мәртебесі, өзін-өзі жұмыспен қамту немесе жалдамалы еңбек), платформалық жұмыскерлердің құқықтары мен әлеуметтік қорғалуы мәселелеріне, сондай-ақ әртүрлі елдердегі оны құқықтық реттеу ерекшеліктеріне қатысты негізгі дискурстар талданады. Мақала тұжырымдары нарративті әдеби шолу әдісі мен талдамалық есептер негізінде берілген. Қорытынды бөлімде платформалық жұмыспен қамтуды зерттеудің қазіргі жай-күйі жөнінде ой-тұжырымдар жасалып, болашақта зерделеуді қажет ететін олқы тұстары көрсетіледі.






