Құндылық басымдықтардың ғылымиметриялық талдау: тенденциялар мен болашағы
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-54-69Кілт сөздер:
талдау, библиометрия, ғылымиметрия, құрал, басымдықтар, құндылық, біргеқатыстылықАңдатпа
Бұл мақалада Scopus және Web of Science дерекқорындағы ғылыми жарияланымдардағы «құндылық» және «басымдықтар» негізгі ұғымдарының ғылыми-метрикалық талдауы берілген. Жұмыстың мақсаты - 2014-2024 жылдар аралығындағы осы терминдерге қатысты зерттеулердің тенденциялары мен бағыттарын анықтау. Бұл кезеңді таңдау зерттелетін бағыттың қазіргі жағдайын белгілеуге және оның әрі қарай даму тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді. Талдауды жүргізу үшін Scopus дерекқорына VOS Viewer ішкі бағдарламасы және Web of Science дерекқорына SciVal құралдары пайдаланды. Зерттеу барысында әртүрлі басылымдардағы түйінді сөздердің бірге болуының библиометриялық картасы құрылды және зерттеу тақырыбымен пәнаралық байланыс графикалық түрде бейнеленді. Зерттеу «құндылық», «басымдықтар» түйінді сөздері көп өлшемді және әртүрлі ғылыми пәндерде идеялардың, құбылыстардың, ресурстардың, стратегиялардың маңыздылығын талдау үшін қолданылатынын анықталды. Бұл ұғымдарды ғылым мен пәнаралық зерттеулердің жеке салалары ретінде түсіну үшін маңызды етеді. Scopus деректер базасында зерттеудің негізгі байланысты бағыттары медицина, неврология, психология, әлеуметтік ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар, бизнес, менеджмент, есеп; Web of Science жүйесінде қоршаған орта, технология, бизнес, медицина және информатикаға қатысты санаттар.
Жүргізілген зерттеудің құндылығы қазіргі гуманитарлық ғылымның даму бағытын тереңірек түсінуге ықпал ететін ғылымиметриялық мәліметтер негізінде құндылық басымдықтарын түсінудегі негізгі тенденцияларды анықтау болып табылады.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы ғылыми даму стратегияларын қалыптастыруда қолдану, әртүрлі пәндік контексттердегі құндылықтар тақырыбына ғылыми қызығушылықтың динамикасын бақылау үшін гуманитарлық білім саласындағы зерттеулердің басым бағыттарын анықтау мүмкіндігі болып табылады.