ҚР Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру: сараптамалық бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-70-89

Кілт сөздер:

сарапшылар, мемлекеттік тілді қолдану саласы, тіл саясатын бағалау

Аңдатпа

Тіл саясатын іске асыру мәселелері қазіргі Қазақстан сияқты тәуелсіз мемлекеттің тілдік өзін-өзі анықтау контекстінде өзекті болып табылады. Тіл саясаты мониторингінің нәтижелерін талдау оны жетілдіруге және мемлекеттің барабар іске асыруына ықпал ететіні анық, бұл ҚР-да тұратын барлық этностардың тілдік мүдделерінің теңгерімін сақтау контексінде маңызды.

Зерттеудің мақсаты - республиканың 2018 және 2023 жылдардағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселелері бойынша лонгитюдтік зерттеу деректеріне салыстырмалы талдау жүргізу және тіл саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Зерттеу әдіснамасы - зерттеудің сандық әдісі, сараптамалық сауалнама, таңдау көлемі 2018 жылы ғылым мен білім, техника, экономика және құқық және БАҚ салаларынан 60 сыртқы және ішкі сарапшы және 2023 жылы ҮЕҰ, білім беру және өндірістік сектор салаларынан 50 сыртқы сарапшы қатысты. Сондай-ақ құжаттарды компаративтік талдау және талдау әдісі қолданылды.

Зерттеу нәтижелері - 2018 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде елімізде жаңа тілдік үрдістің қалыптасуы байқалады - коммуникативтік ортаның өзгеруі және оның дәстүрлі билингвизмнен көптілділікке көшуі, ҚР негізгі тілдерін қолдану перспективаларын бағалауда және мемлекеттік тілді латын әліпбиіне аудару мәселесінде халықтық бағалауда өзгерістер орын алуда.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-17

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚР Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру: сараптамалық бағалау. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 151(2), 70-89. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-151-2-70-89

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 22

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.