ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ОТБАСЫ-НЕКЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-142-157Кілт сөздер:
отбасылық-некелік қатынастар, әлеуметтік трансформация, Қазақстан, отбасы институты, жаһандану, отбасылық құндылықтар, демографиялық өзгерістер, әлеуметтік саясатАңдатпа
Заманауи қазақстандық қоғамда неке мен отбасының институттық құрылымы экономикалық және әлеуметтік өзгерістерден бастап мәдени жаһандық және цифрлық өзгерістерді қамтитын факторлардың әсерінен кешенді күрделі трансформация кезеңін басынан кешіруде. Ұсынылып отырған мақала Қазақстандағы отбасылық-некелік қатынастардың ағымдағы жағдайы мен динамикасын сипаттайтын басты тенденцияларды жан-жақты талдауға арналады. Зерттеу аясында азаматтық (заңсыз өзара келісіммен тұратын) және некеге кеш тұру санының, ажырасу көрсеткіштерінің артуы, сонымен бірге туудың азаюы мен репродуктивті мінез-құлықтың трансформациясын қоса алғанда, отбасының құрылымы мен қызметтеріндегі өзгерістер сипатталады.
Отбасы мен қоғамдағы гендерлік рөлдердің эволюциясына, ерлі-зайыптылардың арасындағы міндеттердің дәстүрлі бөлу үлгілерін қайта қарау, сонымен бірге жастардың отбасылық ұстанымдарына урбанизация мен модернизацияның ықпалына ерекше ден қойылады. Неке институтын қабылдаудағы әлеуметтік-мәдени өзгерістер, соның ішінде дәстүрлі патриархалдық нормалардың әлсіреуі және индивидуалды құндылықтардың күшеюі талданады. Зерттеуде әлеуметтанулық сауалнамалардың, ресми статистиканың деректері пайдаланылды, сондай-ақ жаһандық демографиялық трендтер контекстінде Қазақстандағы отбасының заманауи және дәстүрлі үлгілеріне салыстырмалы талдау жүргізіледі.
Жұмыс қазақстандық отбасының тұрақты болуына және әлсіреуіне әкелетін факторларды, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктер мен жалпы әлемдік өзгерістерді ескере отырып, оның бұдан әрі дамуының ықтималды сценарийлерін болжауға бағытталған. Зерттеу нәтижелері әлеуметтанушыларға, демографтарға, психологтарға, отбасылық саясат саласындағы мамандарға, сондай-ақ отбасы институтын қолдау шараларын әзірлейтін және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға қызығушылық тудырады.






