ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУ МОТИВТЕРІ МЕН КӨШІ-ҚОН ҰМТЫЛЫСТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-154-1-207-219Кілт сөздер:
жоғары сынып оқушылары, шетелде оқу, білім беру көші-қоны, көші-қон ұмтылыстары, мотивтерАңдатпа
Аталмыш мақалада жоғары сынып оқушыларының білім беру көші-қоны мен көші-қон ұмтылыстары талданады. Жоғары сынып оқушыларының көші-қон ұмтылыстарын талдау - қазіргі қоғамда көші-қон үдерісін түсінудің маңызды құрамдас бөлігі. Мақалада ЖТН AP25795411 «Қазақстан жастарының халықаралық білім беру көші-қоны: тәуекелдер мен шешу жолдары» жобасы аясында жүргізілген зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Эмпирикалық деректерді жинау үшін сауалнама әдісі қолданылды. Сауалнамаға 9–11-сынып оқушылары қатысты. Іріктеу мақсатты сипатта болды, негізгі іріктеу критерийлері ретінде жыныс, елді мекен түрі, сыныбы және мектеп типі алынды. Жинақталған эмпирикалық деректер жоғары сынып оқушыларының шетелде білім алуға деген тұрақты бағдарын көрсетеді. Оқу елін таңдауда басымдық ағылшын тілді және экономикалық дамыған елдерге беріледі. Бұл көші-қон ұстанымдарының қалыптасуында білім беру сапасы мен әлеуметтік-мәдени факторлардың маңыздылығын айқындайды. Шетелде оқуды аяқтағаннан кейінгі көші-қон ұмтылыстары айтарлықтай белгісіздікпен сипатталады. Сауалнамаға қатысқан жоғары сынып оқушыларының едәуір бөлігі әртүрлі сценарийлердің мүмкіндігін жоққа шығармайды, ал түпкілікті шешім әлеуметтік, экономикалық және жеке факторлардың жиынтығына байланысты қалыптасады.






