ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-177-196Кілт сөздер:
Әлеуметтік саясат, инклюзивті білім беру саясаты, саясатты жүзеге асыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, арнайы мектептерАңдатпа
Инклюзивті білім беру әлемдік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде барлық оқушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. Инклюзивті білім беру әртүрлілік бағаланатын білім беру ортасын құруды мақсат етеді. Қазақстан Республикасында инклюзивті саясатты жүзеге асыру үдерісі күрделілігімен ерекшеленеді және оң жетістіктер мен елеулі қиындықтардың үйлесімін қамтиды. Бұл зерттеудің өзектілігі әлеуметтік білім беру ортасының трансформациясы жағдайында жағдайында инклюзивтілікті дамыту мәселесінің арта түсу маңыздылығымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанда, сондай-ақ Шымкент қаласының мектептерінде инклюзивті білім беру саясатын жүзеге асыру барысына егжей-тегжейлі талдау жасау. Зерттеудің әдіснамалық негіздері келесі кезеңдерді қамтиды: дайындық кезеңі, кабинеттік зерттеу, жиналған деректерді талдау және нәтижелерді ұсыну. Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру саласындағы әлеуметтік саясатты талдау бұл бағытты мемлекеттің белсенді қолдауын көрсетті. Алынған нәтижелер Қазақстанда инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған бірқатар бастамалардың қабылданғанын дәлелдейді. Шымкент қаласының мектептеріндегі инклюзивті тәжірибені дамыту барлық балалар үшін қолжетімді әрі сапалы білім беру жағдайларын жасауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың табысты жүзеге асыруда стратегиялық маңызға ие. Жүргізілген зерттеу нәтижелері отандық білім берудегі инклюзия үдерістерін ғылыми тұрғыдан терең түсінуге мүмкіндік береді және әрбір бала үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған практикалық міндеттерді шешуге үлес қосады.






