ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ИНДИГЕНИЗАЦИЯЛАУ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҺАНДАНУ МЕН ЛОКАЛИЗАЦИЯ АРАҚАТЫНАСЫ

Авторлар

  • А.С. Мустафина Нархоз университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-8500-9041
  • А.Б. Калмыкбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Автор
  • Р.Б. Италмасова Нархоз университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-158-176

Кілт сөздер:

әлеуметтік жұмыс, білім беру, индигендік білім, индигенизация, мәдени өзектілік, деколонизация, мәдени шиеленіс, құндылықтар қақтығысы, сыни теория, сыни рефлексия

Аңдатпа

Әлеуметтік жұмыс білімін индигенизациялау әмбебап теориялармен, тәсілдермен және әдістермен қатар индигендік (жергілікті) білімге сүйенетін мәдени-маңызды білім беру бағдарламасымен байланысты. Бұл зерттеудің мақсаты шетелдік тәжірибедегі индигенизация үдерісін зерттеу болды. Іздеу стратегиясын, іріктеу және алып тастау критерийлерін қолдана отырып, Scopus дерекқорымен индекстелген журналдардан мақалалар жүйелі түрде іріктеп алынды. Мақалалар базасы (N = 130) негізінде негізгі тенденцияларды анықтау үшін ғылыми-метриялық талдау жүргізілді. Осы процестің тәсілдерін, кедергілері мен тәуекелдерін зерттеу үшін эмпириялық деректерге негізделген мақалаларға (N = 14) терең талдау жасалды. Негізгі тақырыптар анықталды: білім берудегі жаһандық және жергілікті арақатынас; индигендік білім және оған қатысты әдебиеттің жетіспеушілігі, оның ішінде іргелес салалардан; тәжірибеде индигендік білімді алуға жәрдемдесу; мәдени шиеленіс пен құндылықтар қақтығысын зерттеу; балама оқыту тәсілдерін қолдану. Білім беруді индигенизациялау елдердің тәжірибесі мен тарихына байланысты, алайда бұл үдерістегі ортақ критерий студенттерді нақты өмірлік жағдайларда жұмысқа дайындауға мүмкіндік беретін мәдени өзектілік болып табылады. Оқу жоспарларында жаһандық және жергілікті көзқарастар ұсынылып интеграциялануы тиіс, сонымен қатар индигендік білім «көрінетін» және нақты айқындалуы қажет.
Индигенизация стигматизацияға, кемсітушілікке және қысымға ықпал ететін мәдени тәжірибелерді нығайту тәуекелдерімен байланысты, сондықтан сыни теорияларды қосу және студенттердің сыни рефлексиясын дамыту қажет. 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-18

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ИНДИГЕНИЗАЦИЯЛАУ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҺАНДАНУ МЕН ЛОКАЛИЗАЦИЯ АРАҚАТЫНАСЫ. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 153(4), 158-176. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-158-176

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 39

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.