ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫ – ӘЛЕУМЕТТЕНУ АГЕНТІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-152-3-130-144

Кілт сөздер:

жасөспірім, жастар, спорт, әлеуметтену агенттері, тұлға, процесс, жүріс-тұрыс, әлеуметтену

Аңдатпа

Жасөспірімдер спорты заманауи жастардың әлеуметтенуінің маңызды агенттерінің бірі, физикалық дамудың, денсаулықты нығайтудың, қарым-қатынас құрудың тиімді құралы. Мақаланың мақсаты: жасөспірімдер спортының ерекшеліктерін әлеуметтену институттарыныңбірі ретінде, жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына әсер ететін факторларды анықтау.Жасөспірімдерді спорт арқылы әлеуметтену процесінде спорттық ортаның жетекші рөлі,сондай-ақ оның жастарды дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеудегі маңызы қарастырылды.

Спорт салауатты өмір салтының басты көрінісі. Жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері негізінде, спорт арқылы жас ұрпақ өздерін-өздері тәрбиелейді және тәртіпке негізделген, нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесінің қалыптасуымен көрініс табатын әлеуметтену құралы ретінде қабылдайтыны анықталды. Спортпен шұғылдану олардың жеке тұлғалық мәдениетінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Осы оң факторлармен қатарспорттың жағымсыз факторлары да анықталды. Олар: академиялық үлгерімнің төмендеуі,жарақат алу қауіптің жоғары болуы және т.б. Әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері, жасөспірімдердің спортпен шұғылдануының көптеген артықшылықтарын көрсеткенімен, жастардың спортпен шұғылдануының теңдестірілген тәсілін қамтамасыз ету үшін елеуліжағымсыз аспектілерді жою қажет. Сонымен қатар, оқу процесіндегі шамадан тыс жүктеменің болуы, спорттық инфрақұрылымның қажетті деңгейде дамымауы жастардың спортпен шұғылдануына және олардың физикалық белсенділігіне деген қызығушылықтың төмендеуіне алып келетін басты кедергілер екені айқындалды.

Бұл мәселені зерттеу жастардың физикалық белсенділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты одан әрі дамыту мен жетілдіруде өз пайдасын тигізеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫ – ӘЛЕУМЕТТЕНУ АГЕНТІ . (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 152(3), 130-144. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-152-3-130-144

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 16

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.