Білім мен технология интеграциясы: кәсіпорындар мен оқу орындар арасындағы әлеуметтік серіктестікті дамыту
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-150-1-139-157Кілт сөздер:
техникалық және кәсіптік білім беру, әлеуметтік әріптестік, білім мен технологияларды интеграциялау, инновациялық хабАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы кәсіпорындар мен оқу орындары арасындағы әлеуметтік серіктестіктің дамуына талдау берілген. Авторлар отандық әлеуметтану ғылымында аталған мәселе бойынша зерттеулерде әлі де айтарлықтай алшақтық бар екенін мәлімдейді. «Әлеуметтік серіктестік» термині көбінесе еңбек қатынастары шеңберінде талданады немесе мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын білдіреді.
Басылымда ұсынылған зерттеудің мақсаты - Қазақстандағы кәсіпорындар мен оқу орындарының әлеуметтік әріптестігі қатынастарының әлеуметтік-экономикалық және институционалдық ерекшеліктерін талдау, сондай-ақ білім беру мен өнеркәсіп серіктестігінің рөлін күшейту бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Авторлар салыстырмалы әдіс негізінде отандық техникалық білім беруді дамытудың жүйелі мәселелеріне толық талдау жүргізді, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар деңгейінде әлеуметтік әріптестік саласындағы үздік халықаралық және отандық тәжірибелерді анықтады. Сонымен қатар, Қазақстандағы білім мен өндіріс арасындағы серіктестіктің институционалдық моделі ұсынылды.
Зерттеудің мәні мынада: авторлар ұсынған шараларды іске асырған жағдайда, техникалық мамандарды даярлау сапасын едәуір жақсартуға, білім беру бағдарламаларын заманауи талаптарға бейімдеуге және қызметкерлердің тұрақты кәсіби өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл жалпы отандық экономиканың жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Осы жұмыста қамтылған қорытындылар мен ұсынымдарды енгізген жағдайда, техникалық білім беру саласындағы кәсіпорындар мен оқу орындарының әлеуметтік әріптестігінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.