ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҒАН РЕПРОДУКТИВТІЛІК: ҚАЛАУЛЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ БАЛА САНЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ АЛШАҚТЫҚ
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-121-129Кілт сөздер:
репродуктивтік стратегиялар, туу, жүзеге асырылмаған репродуктивтілік, отбасылық құндылықтар, демографиялық саясат, Қазақстан, өңірлік айырмашылық, гендерлік айырмашылықАңдатпа
Мақала 2025 жылы жүргізілген репрезентативті әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері негізінде Қазақстан халқының репродуктивтік стратегияларын талдауға арналған. Іріктеме көлемі – 8 000 респондент. Зерттеудің мақсаты – халықтың репродуктивтік ұстанымдарының құрылымы мен отбасылық стратегияларды жүзеге асыруға кедергі болатын факторларды анықтау. Нәтижелер бойынша ең кең таралған үлгі – 2-3 балалы отбасы (43,1%). Респонденттердің 43,7%-ы идеалды жағдайда 4 және одан көп бала сүйгісі келетінін білдіреді, бұл демографиялық әлеуеттің бар екенін білдіреді. Негізгі кедергілер: қаржылық шектеулер (39,1%), тұрғын үй мәселесі (23,8%), болашаққа сенімсіздік (16,6%). Гендерлік айырмашылықтар да бар: ерлер көп балалылыққа бейімірек (50,3%), әйелдер – 2-3 балалы отбасын таңдайды (39%). Оңтүстік өңірлерде көп балалылық жоғары, солтүстік пен орталықта – аз балалы отбасы үлгісі басым. Отбасылық құндылықтардың трансформациясы нуклеарлық отбасы үлгісінің таралуымен, жеке өмірлік стратегиялардың даралануымен және ерікті түрде бала сүймеушілердің (11,5%) артуымен байқалады.






