ҚР ЖОО профессорлық-оқытушы құрамының оқыту және әкімшілік-басқару процесіндегі цифрландырудың сапасына қатынасы
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-150-1-37-58Кілт сөздер:
жоғары білім берудегі цифрландыру, профессорлық-оқытушы құрамның цифрландыру сапасына қатынасы, оқыту мен білім беру жүйесіндегі әкімшілік басқарудың цифрландырылуыАңдатпа
Мақалада Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы білім беру және әкімшілік-басқару процестерін цифрландыру сапасына қатысты профессорлық-оқытушы құрамының (ПОҚ) қатынастарына талдау жасалады.
Зерттеудің мақсаты – ЖОО цифрландыру деңгейін анықтау және оның білім беру процесінің сапасына, басқарушылық шешімдер қабылдау үдерісіне әсерін бағалау. Сауалнама цифрландырудың негізгі аспектілерін, атап айтқанда, инфрақұрылым сапасын, ПОҚ-тың цифрлық технологияларға қатынасын, бағдарламалық жасақтама мен цифрлық құралдардың білім беру талаптарына сәйкестігін анықтауды қамтыды.
Зерттеу нәтижелері ЖОО-дағы цифрландырудың орташа деңгейде екенін көрсетеді, ПОҚ цифрландыру үдерісіне екіұдай көзқарас білдірді. Көптеген респонденттер сымсыз Ғаламтор байланысының сапасын орташа деп бағалады, бұл цифрландырудың негізі болып табылатын инфрақұрылымды жақсарту қажеттігін өзектендіреді. Сонымен қатар, оқыту аймақтарындағы компьютерлердің қол жетімділігі мен сапасы да респонденттердің қанағаттанбаушылығын тудырды. Зерттеу барысында анықталған маңызды мәселе – бағдарламалық жасақтамалардың білім беру процесіне сәйкес келмеуі. Бұл, өз кезегінде, ПОҚ цифрлық құралдарды толықтай тиімді пайдалануына кедергі келтіреді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы цифрландыру үдерісінің білім беру жүйесіне ықпалын, оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынастың өзгеруін, цифрлық құралдардың білім беру сапасына тигізетін әсерін тереңірек түсінуге көмектеседі. Практикалық маңыздылығы – ЖОО цифрландыру барысын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар беріледі. Ұсыныстар оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартуды, ПОҚ-тың цифрлық құзыреттіліктерін арттыруды, цифрлық құралдарды оқыту және басқару процестерінде тиімді пайдалануды көздейді. Зерттеу нәтижелері білім беру жүйесіндегі цифрлық технологиялардың әлеуетін толықтай іске асыру үшін қажет ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық шараларды анықтауға мүмкіндік береді.