МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІ АВТОМАТТАНДЫРУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-27-43

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, мектеп мұғалімдері, білім әлеуметтануы, есептік әлеуметтік ғылымдар

Аңдатпа

Жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолдану білім беру жүйесінде жаңа әрі қарқынды өзгеретін бағытқа айналуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы жасанды интеллектіні дамытуға байланысты жаңа саясатты енгізуде. Бұл зерттеуде қазақстандық мұғалімдердің жасанды интеллектіні қабылдауын кең ауқымды цифрландыру контекстінде зерттеу мақсаты қойылған.

Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы контекстінде мектеп мұғалімдерінің жасанды интеллект құралдарын қалай қабылдайтынын және қолданатынын зерттеу. Мәліметтер онлайн сауалнама және мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің өкілдерімен тереңдетілген сұхбаттар арқылы жиналды. Сонымен қатар, SNA (әлеуметтік желілерді талдау) әдісі мұғалімдердің ЖИ қолдану үлгілерін анықтауға, жалпы цифрлық практикаларды қолданатын мұғалімдер кластерлерін айқындауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері қазақстандық мектеп мұғалімдерінің жаңа платформаларды педагогикалық практикасына енгізіп, оларды сабақтардың тиімділігін арттыру және жұмыс жүктемесін жеңілдету үшін бейімдеп отырғанын көрсетеді. Мұғалімдер, жалпы, жасанды интеллекттің білім беру жүйесінің дамуына әсерін оң бағалайды. Дегенмен, оң тұстарға қарамастан, мұғалімдер балалардың сыни ойлау қабілетінің нашарлауына және заманауи технологияларға тәуелділіктің артуына алаңдаушылық білдіреді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІ АВТОМАТТАНДЫРУ. (2026). Gumilyov Journal of Sociology, 155(2), 27-43. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-155-2-27-43

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 61

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.