ЖАСТАРДЫҢ ПОЛИЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРДЫҢ ЫҚПАЛЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-154-1-183-206

Кілт сөздер:

тіл, экономика, социолингвистика, полилингвистика, тіл саясаты, тілдік ахуал, әлеуметтік-тілдік ұстаным, жастар, тіл кеңістігі

Аңдатпа

Мақалада жастардың тілдік ұстанымына экономикалық факторлардың ықпалы талданады. P. Bourdieu теориясына сүйене отырып, тілдік норма мен формалардың үстемдігі әлеуметтік теңсіздікті күшейтетін фактор ретінде қарастырылады. Әртүрлі тілдерді меңгеру адамның әлеуметтік капиталын арттырып, оның экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтетіні, ал тілдік кедергілер қолжетімділікті шектейтіні негізделеді.

Зерттеуде жастардың полилингвистикалық ұстанымына еңбек нарығының талабы, білім алу мүмкіндігі және табыс деңгейі сияқты экономикалық факторлардың тілдік таңдауындағы рөлі талданған. Зерттеу нәтижелері экономикалық фактордың тілдік таңдау мен тіл саясатын, сондай-ақ қоғамдағы көптілділікті қабылдауға қалай ықпал ететінін түсінуге мүмкіндік береді.

Мақалада фокус топ әдісі арқылы алынған қолданбалы зерттеу нәтижелері ұсынылды. Фокус-топ 12 аймақта өтті (N-167). Зерттеуге сәйкес жастардың тілдік таңдауы аймақтық және этнодемографиялық ерекшеліктерге де байланысты. Әлемдік экономика мен жаһандану үрдістері жастарды бірнеше тіл меңгеруге итермелейді, ал қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтар тілдік ұстанымды өзгертіп, әлеуметтік-тілдік орталарды қалыптастырады.

Зерттеу нәтижелері мемлекет пен білім беру жүйелеріне тиімді тілдік саясатты қалыптастыруда маңызды, сонымен қатар жастардың әлеуметтік жағдайы мен кәсіби мансап жолындағы даму векторларын анықтайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ЖАСТАРДЫҢ ПОЛИЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРДЫҢ ЫҚПАЛЫ. (2026). Gumilyov Journal of Sociology, 154(1), 183-206. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2026-154-1-183-206

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 49

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.