ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҮГЕДЕКТЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-152-3-113-129

Кілт сөздер:

әлеуметтік саясат, әлеуметтік жауапкершілік, мүгедектік, мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі топ, еңбекке қабілетті мүгедектік, мүгедектердің интеграциясы

Аңдатпа

Әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстан мүгедектер немесе мүмкіндігі шектеулі азаматтарын әлеуметтік тұрғыдан қорғау саласында халықаралық стандарттарға сәйкес біршама белсенді шараларды жүзеге асырды.

Ұсынылып отырған бұл мақалада Қазақстандағы мүгедектер мәселесінің зерттелуін талдау барысы оның әлеуметтанулық, психологиялық, әлеуметтік-мәдени, мәдени плюрализм, саяси, құқықтық модельдерін ұштастыра қарастыру қажеттілігін көрсетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында қолданылып келген медициналық модель, одан кейінгі жылдарда әлеуметтік модель, сондай-ақ қазіргі замандағы әлеуметтік-қоршаған орта моделі, яғни инклюзия моделінің қалыптасуы Қазақстандағы осы саланың дамуына түрткі болғанына назар аударылады. Сондай-ақ мақалада қазақстандық қоғамның мүгедектер мәселесін шешуде ұстанған бағытының ғылыми негізделуі мен оның практикада қандай нәтиже бере алатыны және осы салада қордаланған мәселені шешудің өзекті ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік қырлары қарастырылады.

Автор Қазақстандағы мүгедектік мәселесін зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдардың мүгедектерге  цифрлану жағдайында білім беруді ұйымдастырудың  ғылыми талдауына шолу жасай отырып, мүгедектік мәселесіне ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық, медициналық-демографиялық және экологиялық факторлармен қатар мүгедектерді әлеуметтік ортаның қабылдауын, оның күнделікті өмірін мен рухани әлемін зерттеудің өзектілігін де атап өтеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҮГЕДЕКТЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 152(3), 113-129. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-152-3-113-129

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 29

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.