ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Л. Толегенқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Автор
  • В.И. Разумов Омбы мемлекеттік университеті Автор https://orcid.org/0009-0000-5614-8176
  • А.С. Мусраунова 3Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Автор https://orcid.org/0009-0004-2306-9366
  • Л.Г. Балабекова Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Автор https://orcid.org/0009-0004-4579-4307
  • Г.Т. Туткышева Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Автор https://orcid.org/0009-0008-6795-9941

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-26-43

Кілт сөздер:

Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қызмет көрсету, халықты әлеуметтік қорғау, өмірлік қиын жағдай, әлеуметтік саясат, әлеуметтік қызмет, әлеуметтік қызмет көрсету принципі.

Аңдатпа

Мақала әлеуметтік қызметтерді ұйымдастырудың ғылыми-теориялық аспектілерін зерттеуге арналған. Бұл жұмыста профессор В.И.Разумов әзірлеген «Динамикалық ақпараттық жүйелер теориясы»  әдістемесін қолдану негізінде әлеуметтік қызмет көрсетуді әлеуметтік жұмыс технологиясы ретінде ұйымдастыруды зерттеу әдістемесі ұсынылған. «Динамикалық ақпараттық жүйелер теориясы» әдістемесін қолдану әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін ұсынуға, оның категориялық аппаратын анықтауға, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы динамикалық ақпараттық жүйелердің триадасын құруға, белгілі бір иерархиядағы әлеуметтік қызмет компоненттерін жүйелеуге, «Әлеуметтік қызмет әлеуметтік жұмыс технологиясы ретінде» тұжырымдамалық схемасын жасауға мүмкіндік берді.
«Әлеуметтік қызмет көрсету» ұғымын анықтау тәсілдері, әлеуметтік қызмет көрсетудің функциялары, принциптері, формалары, түрлері мен бағыттары қарастырылды. Ғылыми әдебиеттер мен нормативтік–құқықтық құжаттарды талдау негізінде әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласындағы әлеуметтік саясаттың ерекшеліктерін ашатын өзекті материалдар ұсынылды; қазіргі қоғамның дамуы жағдайында әлеуметтік қызмет көрсетудің ғылыми – теориялық негіздері, мазмұндық және технологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Әлеуметтік қызмет көрсетудің әлеуметтік институт ретіндегі маңызды бағыттары мен сипаттамалары, оның халықтың әртүрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыстың заманауи тәжірибеде қалыптасуы мен дамуы жүйеленген.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-18

Журналдың саны

Бөлім

Articles

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (2025). Gumilyov Journal of Sociology, 153(4), 26-43. https://doi.org/10.32523/3080-1702-2025-153-4-26-43

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 39

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.